AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пара алудан бас тартқан алматылық экологтың қызмет...

Пара алудан бас тартқан алматылық экологтың қызметі өсетін болды

Әлеумет 07.12.2022, 15:02 979 Almaty-akshamy
Пара алудан бас тартқан алматылық экологтың қызметі өсетін болды
Сурет: Ашық дереккөзі

75 миллион теңге парадан бас тартқан Алматы қалалық экология департаментінің қызметкері марапатталып, қызметі өсетін болды


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Комитет төрағасы 75 миллион теңге парадан бас тартқан Алматы қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерін көтермелеу туралы сұраққа жауап берді.


Оның айтуынша, бұл экология қызметкерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын көрсетудің айрықша фактісі болды, атап айтқанда, металлургия компаниясы қызметіндегі бұзушылықтар үшін миллиардтаған айыппұлды алып тастауға 75 млн теңге көлемінде пара ұсынған.



«Өткен жылы біз ФБШ бағдарламасы бойынша жалақыны екі есеге арттырдық (факторлық-балдық жалақы шкаласы – «ҚазАқпарат»). Сыйлықақыларды үнемі жоспарлаймыз. Болашақта жалақы әлі де көтеріледі деп ойлаймын. Әрине, басқа да ынталандыру тетіктері бар, мамандарды оқыту керек, сыбайлас жемқорлық көріністері мен фактілерді болдырмау үшін тексерулерді автоматтандыру бойынша жақсы әдістер қажет», – деді Зұлфухар Жолдасов.



Комитет Төрағасы сондай-ақ парадан бас тартқан қызметкерге сыйлықақы берілгенін және лауазымы жоғарылауы мүмкін екенін айтты. Оның басшылық лауазымға тағайындалуы басқа аймақтарда қарастырылуы мүмкін.


Сондай-ақ Зұлфухар Жолдасов басқармада меритократия қағидаты бойынша басшылық қызметке тағайындау тәжірибесі жүргізілетінін атап өтті. Соңғы үш жылда басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымдарына төменгі лауазымдардан 25 адам тағайындалды.


Жуырда қазақстандық БАҚ-та хабарланғандай, «ҚазФерроСталь» компаниясының қызметкерлері Алматы қалалық экология департаментінің қызметкеріне 75 миллион теңге көлемінде пара бермек болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жемқорлық #пара #Эколог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);