ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Панфилов ауданында 120 орындық мектеп пайдалануға...

Панфилов ауданында 120 орындық мектеп пайдалануға берілді

Әлеумет 30.08.2021, 11:38 1,198
Панфилов ауданында 120 орындық мектеп пайдалануға берілді
сурет: Алматы облысы әкімдігі
Конституция күні және Білім күні мерекелері қарсаңында Аққұдық ауылдағы Байбатшаев атындағы 120 орындық мектеп салтанатты түрде ашылды.

Конституция күні және Білім күні мерекелері қарсаңында Аққұдық ауылдағы Байбатшаев атындағы 120 орындық мектеп салтанатты түрде ашылды.


Бұған дейін апатты деп танылған бұрынғы мектеп өткен жылдың желтоқсан айында жұмысын тоқтатқан болатын. Жаңа мектепке 703,030 млн теңге қаржы бөлініп,  мердігер компания «Нұр-Шапағат Кұрылыс» ЖШС нысанды мерзімінде аяқтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


Екі жыл кепілдік берілген мектеп іші толықтай заманауи материалдық базамен қамтылған. 


Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Талғат Өмірәлиев Конституция күнімен құттықтап, өңірдегі білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.



«Қазіргі уақытта жыл сайын ауданымызда 2-3 мектепті түрлі бағытта кезең-кезеңімен жаңартып жатырмыз. Биылдың өзінде екі мектеп салынып жатыр. Бірнешеуіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Міне, көптен күткен осы ауылдың мектебі сіздердің игіліктеріңізге берілді. Барша бүлдіршіндерді жаңа Білім күнімен құттықтаймын», - деді аудан басшысы.



Ал, жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастаған Заңғар Айтқожаның қуанышында шек жоқ.



«Бұрынғы мектепте спорт зал жоқ болатын. Жазда далада жүретін едік. Енді жаңа мектепте бәрі бар. Мен спортпен айналысамын. Болашақта чемпион атанғым келеді. Мектеп салып берген барша ағаларға рахмет айтамын», - деді.



Жұрт игілігіне берілген мектеп 2736,84 шаршы метр аумақты алып жатыр. Толық орта білім беретін оқу ордасында 126 оқушыға 28 ұстаз білім береді. Жалпы өңірде 27100 оқушы бар.  Оқу жылы қарсаңында аудан бойынша 2700 бала мектеп табалдырығын аттаса, соның 11 оқушысы - Аққұдық ауылының бүлдіршіндері. 


Бұдан бөлек Панфилов ауданындағы шекара шебіндегі ауылдардың мектептері жаңартылып жатыр. Басқұншы ауылына 300 орындық орта мектептің құрылысына 1 млрд  709,483 млн теңге бөлінсе, Қорғас ауылындағы орта мектепті күрделі жөндеуге 352 млн 970 614 теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта екі нысанның да құрылыс жұмыстары басталған.


Сондай-ақ, Кішішыған ауылындағы орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға облыстық бюджеттен 15,5 млн  теңге бөлініп, конкурс жарияланды. Келер жылы екі мектепке күрделі жөндеу жүргізілмек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.