AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Озық технология адам өмірін сақтап қалды

Озық технология адам өмірін сақтап қалды

Медицина 22.02.2024, 05:08 1,344
Озық технология адам өмірін сақтап қалды

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жағдайы үмітсіз болып көрінген науқастың өмірін сақтап қалды. Иә, оның аман қалуына күмән көп болған еді.


Жетпіс жасқа таяған зейнеткер клиникалық ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Макрогематурия (зәрде қанның пайда болуы) – қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясынан туындаған, асқазанның жіті ойық жарасынан асқынған, бұрын миокард инфарктісі болған, коронарлық және бүйір артерияларын стенттеуден кейінгі жағдай, 2-3 дәрежелі семіздік және орташа ауыр нысандағы геморрагиялық темір тапшылығынан туындаған анемия.


Сондай-ақ, былтырғы наурызда жүрек ырғағының бұзылуына байланысты кардиостимулятор орнатылған. Сондықтан науқасты емдеу қиынға соққан, ілеспе аурулары дәрігерлерді тығырыққа тіреген.


Білікті мамандар кеңесе келе, науқастың өмірін қалайда сақтап қалу үшін «қуық асты безінің гиперпластикалық түйіндерін резекциялау және қуық асты безінің қан кететін тамырларын электрокоагуляциялау» отасын жасау туралы шешім қабылдады.



«Пациенттің жақын туыстарымен емдеу әдісі де талқыланды. Операция кезінде қуықта электрохирургия көмегімен алып тасталған кішкентай ісік табылды. Кейіннен гистологиялық зерттеу қатерлі нәтиже көрсетеді. Әрине, қуықтың қатерлі ісігі – бұл қауіпті ауру, ол кейіннен қайтадан қан кетуге және пациенттің өліміне алып келуі мүмкін. Бірақ зерттеу барысында қуықтың бұлшық ет қабатында ісіктің өспегені анықталды, бұл бізге пациенттің қуық обырынан толық емделетініне үміт береді», – дейді №7 қалалық клиникалық аурухананың емдеуші уролог-дәрігері Руслан Жұмаділов.



Операциядан кейінгі консервативті терапия нәтижесінде пациент қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.
Осы орайда заманауи технологиялардың көмегімен, дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің, жанкешті еңбегінің арқасында осындай күрделі жағдайларда талай отандасымыздың ажал аузынан аман қалып жүргенін айта кетейік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнеткер #дәрігер #технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);