ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Өзін «Қазақ халқының неміс ұлы» деп атаған ғалым В...

Өзін «Қазақ халқының неміс ұлы» деп атаған ғалым Виктор Зайберт өмірден өтті

Өмір-өзен 20.04.2022, 10:52 2,674
Өзін «Қазақ халқының неміс ұлы» деп атаған ғалым Виктор Зайберт өмірден өтті
Сурет: 24.kz
Белгілі археолог ғалым өмірден озды

Белгілі археолог ғалым өмірден озды


Көрнекті ғалым, археология профессоры, Германия археологиялық институтының және Қазақстан Республикасы Қоғамдық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі Виктор Федорович Зайберт 75 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Виктор Федорович 1947 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Петропавл педагогикалық институтының тарих факультетін («тарих мұғалімі» мамандығы бойынша) бітірген. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде бастаған. Әр жылдар ішінде ол археологиялық коллекцияларды қалпына келтіруші, ғылыми қызметкер, музейдің археология бөлімінің меңгерушісі болды.


Ғалымның қажырлы да тынымсыз еңбегінің арқасында бүгінде Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану музейінде ежелгі Ботай қонысынан табылған екі жүз мыңнан астам жәдігер бар. В.Зайберт сенсациялық жаңалық ашты: ғаламшардағы алғашқы жылқы Қазақстан аумағында қолға үйретілді. Бұл зерттеу жылқыны қолға үйретудің бұрынғы теориясын түбегейлі өзгертті.


Виктор Зайберттің есімі археологиялық ортада тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелде де кеңінен танымал. Ол Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша 100-ден астам кітап пен мақалалардың бірнеше ғылыми жаңалықтарының авторы.


Белфаст, Кембридж, Оксфорд, Ньюкасл, Эдинбург университеттерінде дәріс оқыды. ІІ дәрежелі «Достық» (2017), «Парасат» (2021) ордендерімен марапатталған. Ғылыми-педагогикалық және басқару жұмыстарын жүргізді, әртүрлі институттар мен ғылыми орталықтарда басшылық қызметтер атқарды, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау археологиялық экспедицияларын басқарды. Соңғы жылдары академик әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Археология және дала өркениеті» ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс істеді.


Виктор Зайберт – өзін толығымен ғылымға арнаған, өзін «Қазақ халқының неміс ұлы» деп атаған ғалым.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.