Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өзгенің емес, өзіміздің «Жеңіс» лентасын тағайық

Өзгенің емес, өзіміздің «Жеңіс» лентасын тағайық

Әлеумет 04.05.2023, 09:48 1,585
Өзгенің емес, өзіміздің «Жеңіс» лентасын тағайық
almaty-akshamy.kz

Не байқадыңыз?



Шағын маркетке кірсем, касса алдында мөлдір целлофанмен қапталған Георгий ленталары жатыр екен. Қазақша. 9 мамыр деп жазылған тұсында басына пилотка киген бүлдіршіннің суреті тұр мөлдіреп.


– Бұл не, сатыла ма?  – деп сұрадым сатушы қыздан.


– Иә. 360 теңге.


– Алып жатыр ма жұрт?


– Иә, мектеп, балабақшалар алып жатыр.


Ойланып қалдым. Біз әлі Георгий лентасын тағып жүрміз бе сонда?


Биыл Ұлы Жеңіске 78 жыл толады. Аз уақыт емес. Уақыт уыста тұрмайды, зырғып ағып жатыр. Ардагер аталарымыздың қатары да күннен күнге сиреп барады. Алматының өзінде 56 ардагер ата ғана қалыпты көзі тірі. Ал бізге осынау бейбіт күнді сыйлаған батырлар ерлігін бүгінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс.


Иә, жылда Жеңіс күні кеудемізге сол күннің белгісі ретінде біразға дейін сарғылт-қара жолақты Георгий лентасын тағып келгеніміз рас. Бұл лента Ресей империясында ХVIII ғасырдан бастап әулие Георгий, Георгий кресті ордендерінде қолданылған екен. Оның алдында ресейлік матростар бас киіміндегі крестің үстіне таққан. Кейін уақыт өте бұл 1945 жылғы 9 мамырдағы Жеңістің символына айналып шыға келді. Ұлы Жеңісті Ресей осы сарғылт-қара лента арқылы тек бір өзіне ғана телігісі келетіндей. Ал сол Жеңісте біздің аталарымыздың да үлесі, қаны, жаны бар! Сондықтан болар, бұл лента қоғамда біраз дау тудырып, қарсы шыққандар аз болмаған. Нәтижесінде сарғылт, қара түсті Георгий лентасының орнын басқан өзіміздің қазақы оюмен көмкерілген, Туымыз түстес «Жеңіс» лентасы жасалды. Былтыр Алматы қаласының әкімдігі осындай 20 мың «Жеңіс» лентасын дайындап, қала тұрғындарына таратқан болатын.



Бұл лента жай шүберек емес, оны аталарымыздың қан майданда төгілген қаны мен жеңіс үшін деп алға ұмтылғанда тамшылаған маңдай терінің белгісі һәм жас ұрпақтың тарихқа құрметі деп тануымыз керек. Ол – әр ұланның кеудесінде желбіреп, олардың патриоттық сезімін оятуға қауқары бар отаншылдықтың бір белгісі! Сондықтан өзгенің емес, өзіміздің Жеңіс лентасын тағайық!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеңіс #лента #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.