AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өзенмұнайгаз бен «БерАли» компаниясында аса ірі кө...

Өзенмұнайгаз бен «БерАли» компаниясында аса ірі көлемде ақша жымқыру бойынша тергеу жүріп жатыр

Әлеумет 21.04.2023, 21:30 1,267
Өзенмұнайгаз бен «БерАли» компаниясында аса ірі көлемде ақша жымқыру бойынша тергеу жүріп жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Жаңа сорғы-компрессорлық құбырларды жалған орнатқан


Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС-да ұрлық фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сенсек, «Өзенмұнайгаз» АҚ және «БерАли Мангистау Company» ЖШС лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.


Жаңаөзен тұрғындарының «ҚазМұнайГаз» АҚ (Өзенмұнайгаз) жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық және жымқыру фактілері бойынша көптеген өтініштерінің негізінде Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті сотқа дейінгі бірнеше тергеу жүргізіп жатыр.


Атап айтқанда, кәсіпорынның бухгалтерлік және өзге де ресми құжаттамасында бұрмаланған мәліметтерді көрсете отырып, жаңа сорғы-компрессорлық құбырларды жалған орнату арқылы ұрлау фактісі бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталған.


Бұдан басқа, «Өзенмұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғалары мен «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС басшылығына 2022 жылы мұнай өндіру ұңғымаларын жөндеу жұмысын орындауға арналған аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.


«БерАли Маңғыстау Company» ЖШС басшысы өзінің жақын туыстарымен арнайы техниканы жалға алу жөнінде шарт жасағаны анықталды. Іс жүзінде 248 млн теңге көлемінде алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып жымқырылған.



«Аталған іс-қимыл арқылы «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС басшылығы мемлекетке ғана емес, компания қызметкерлеріне де зиян келтіргенін атап өтеміз. Қолма-қол ақша компанияны дамытуға, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға, соның ішінде жалақыны көтеруге жұмсалса болатын еді. Бұл жағдай компанияның қарапайым қызметкерлері арасында наразылық тудырды. Тергеу барысында аталған фактілер тексеріліп жатыр. ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлады агенттік.



Еске сала кетейік, 10 сәуірде Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік мұнайшы жиналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзенмұнайгаз #БерАли
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);