AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өзбекстанда газ өндіру көлемі бесінші жыл қатарына...

Өзбекстанда газ өндіру көлемі бесінші жыл қатарынан азайып келеді

Әлеумет 21.02.2024, 14:55 1,131
Өзбекстанда газ өндіру көлемі бесінші жыл қатарынан азайып келеді
Сурет: ашық дерекөз

2024 жылдың қаңтарында Өзбекстанда 4 миллиард текше метр газ өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 7,4 пайызға аз. Ресми статистика газ өндірудің бесінші жыл қатарынан төмендегенін көрсетті,  деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Мемлекеттегі статистика агенттігі 2024 жылдың қаңтар айындағы өнеркәсіп статистикасын жариялады.


Мәліметке сүйенсек, Өзбекстанда қаңтар айында табиғи газ өндіру 3 миллиард 994,6 миллион текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 317,3 миллион текше метрге немесе 7,4 пайызға азайған. 2023 жылдың қаңтар айында 4 миллиард 311,9 миллиард текше метр газ өндірілген.


2021 жылы 53,8 миллиард текше метр газ өндірілсе, бұл көрсеткіш 2022 жылы 51,7 миллиард текше метрге, 2023 жылы 46,7 миллиард текше метрге дейін төмендеген.


Жалпы Өзбекстандағы газ өндіру көрсеткіші бес жыл қатарынан төмендеу тенденциясын көрсетіп келеді. Ресми статистика 2020 жылдың қаңтарында 10 пайызға, 2021 жылдың қаңтарында 4,4 пайызға, 2022 жылдың қаңтарында 2,4 пайызға, 2023 жылдың қаңтарында 7,5 пайызға, 2024 жылдың қаңтарында 7,4 пайызға төмендегенін мәлімдеді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #өндіріс #Өзбекстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);