Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өзбек ханға тиесілі алтын әріптермен жазылған Құра...

Өзбек ханға тиесілі алтын әріптермен жазылған Құран Түркияда табылды

Әлеумет 15.08.2022, 16:00 1,300
Өзбек ханға тиесілі алтын әріптермен жазылған Құран Түркияда табылды
Сурет: Inform.kz

Мемлекеттік «Архив-2025» 


ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Түркияның Сүлеймания кітапханасынан қазақ жерінен шыққан ортағасырлық авторлардың 19 еңбегін анықтап, көшірмесін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Түркияда іссапарда болып, Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкелу бойынша жұмыс жүргізген. Бұл жұмыстар мемлекеттік «Архив-2025» кешенді жоспарын іске асыру мақсатында атқарылып отыр.
Зерттеушілер еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттар тапқан. Атап айтқанда, Османлы архивінің 27 қордан, 248 істен тұратын қорын, Сүлеймания мешіті медресесінің кітапханасында 106 топтаманы зерттеу барысында 70 мың томға таяу жазба, 120 мың томдай баспа ескерткіштер жинақталған. Ал Сүлеймания кітапханасында қазақ жерінен шыққан ортағасырлық авторлардың 19 еңбегі анықталып, көшірмесі алынды.



«Іссапар кезінде табылған құнды қолжазбалардың бірі – XIV ғасырда алтын әріптермен жазылған Алтын Орда ханы Өзбек ханға тиесілі Құран. Сонымен қатар ғылыми іссапар барысында ақын Зейнел Сүрмелінің ұлы Махмуд Сүрмелі Ұлттық орталық қорына көзінің қарашығындай сақтаған әкесінің түпнұсқа қолжазбаларын, сол замандағы бүкіл әлемдегі қазақ қауымдастығымен алмасқан хаттары мен өзінің 1500 өлең жолын ресми түрде тапсырды», - деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбек хан #алтын әріп #Құран #Түркия #архив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.