AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты

Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты

Спорт 13.12.2024, 11:09 1,346
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты
Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы деп танылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Жүсіпов Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберген еді.

Алайда 11 желтоқсанда Қазақстан бокс федерациясы IBA және ASBC ұйымдарына ресми наразылық хат жолдады. ҚБФ ресми хатында Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жекте өзбек боксшысының ережелерді өрескел бұзғаны атап көрсетілген.

Сонымен қатар, шаршы алаңда сербиялық төреші Джованна Угреновичтің қателікке бой алдырғаны атап өтілген. Ал Қазақстан тарапы наразылықты дәлелдеу үшін фото және бейнематериалдар ұсынды.

Нәтижесінде IBA мен ASBC жекпе-жекті қайта қарап, алтын медальді Жүсіповке беру туралы шешім қабылдады. Асадуллаев белгілі бір мерзімге жарыстардан шеттетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын #жүлдені қайтару #бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);