ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Отыз «зергерлік» жұмыс

Отыз «зергерлік» жұмыс

Медицина 14.03.2024, 13:11 1,406
Отыз «зергерлік» жұмыс
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда бес күнде 30-дан астам күрделі «зергерлік» ота жасалды

Алматыда бес күнде 30-дан астам күрделі «зергерлік» ота жасалды


Алматы төрінде орналасқан Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да отандық аритмологтар ресейлік профессор, РҒА академигі Сергей Артеменконың жетекшілігімен 5 күн ішінде 30-дан астам күрделі «зергерлік» операция жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Бұл оталар өте күрделі және жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің ең тиімді әдісі саналады. 


«Біз алыс және жақын шетелдердің көптеген медициналық орталықтарымен және клиникаларымен ынтымақтастықтамыз. Жетекші ресейлік маманмен бірлескен операциялар жүргізе отырып, ҒЗИ дәрігерлері үлкен тәжірибе алуда. Сергей Николаевич жүрекше фибрилляциясы бар емделушілерде радиожиілікті катетерлік абляция процедурасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсілдерді әзірледі. Бұл әдістер халықаралық және ұлттық клиникалық ұсыныстарға енгізілді. Профессор Артеменкоға операцияларды кәсіби қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді», – дейді институттың басқарма төрағасы Марат Пашимов.



Радиожиілік катетерлік абляция жүрекке ең күрделі жоғары технологиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін үш өлшемді навигациялық картаға түсірудің озық жүйелерін пайдалана отырып жүргізіледі. Осылайша адамдардың өмірін құтқарады, оларды толыққанды өмірге қайтарады. Бұл жүйе Алматыда тек Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да ғана бар.
Аптаның соңына дейін жүрекшелер фибрилляциясы және басқа да күрделі  эктопикалық ошақтары бар науқастарға ота жасалады. Еліміздің басқа клиникаларында бірнеше рет қайталап ота жасалған науқастар бар.


Мысал келтірсек, күрделі аритмиямен 63 және 54 жаста 2 науқасқа операция жасалды. Олардың екеуі де қозғалмаса да жүрегінің жиі соғатынын, физикалық жүктеме кезінде ентігетінін, денесін үнемі әлсіздік жайлап алғанын айтқан. Мәселе мынада, аритмияның патологиялық ошақтары жүректің өткізгіш жүйесінде онымен «қауіпті» жақындықта орналасқан.  Персоналдың жоғары біліктілігінің, заманауи технологиялық жабдықтың және пациенттерді тиісті даярлаудың арқасында операциялар сәтті өтті.



Профессордың айтуынша, 3D технологиялары аритмияның көзін – жүректің басқа тіндеріне зақым келтірместен патологиялық ошақты 1 миллиметрге дейін табуға көмектеседі. Науқас толығымен қалпына келеді, нәтиже операция кезінде көрінеді.


Бұл – іс жүзінде «зергерлік» жұмыс. Ырғақтың бұзылуын диагностикалаудың дәлдігін арттыру арқылы емдеудің тиімділігі, операциядан кейінгі ерте және алыс кезеңдердегі пациенттердің өмір сапасы артады, кенеттен қайтыс болу, асқынулар және т.б. саны азаяды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.