ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Өткенді ұмыт, жаңа өмірге қадам бас! «Шие бағы» сп...

Өткенді ұмыт, жаңа өмірге қадам бас! «Шие бағы» спектаклінің премьерасы өтті 

Алматы 29.10.2025, 08:27 501
Өткенді ұмыт, жаңа өмірге қадам бас! «Шие бағы» спектаклінің премьерасы өтті 
сурет: Самат Құсайынов
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасы желісі бойынша сахналанған спектакльдің премьерасы өтті. Бұл қойылым –...

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасы желісі бойынша сахналанған спектакльдің премьерасы өтті.
 
Бұл қойылым – жас әрі дарынды режиссер Рача Махатаевтің сахналауымен заманауи көзқараспен қайта жаңғыртылған классика.

–  Өткізген тренинг аясында қойылым актерларын бірден таңдап алдым. Пьесаны қысқартып, екі ай дайындалдық және композитор, хореограф, суретшімен бірге бірлікпен жұмыс істедік. Бастапқыда 6 әртісті таңдап алып, олардың басы біріккен сәтте «Шие бағын» қоюды жоспарладық. Қойылымдағы негізгі идея – өмірдегі адамның шарасыздығы, өлімнің – трагедия да, азап та емес екенін ұғындыру, – деді режиссер. 

Рөлдерді сомдаған – Жанар Мақашева, Жомарт Зейнәбіл, Нұржан Асылхан, Рабина Белгібаева сынды қазақ театр өнерінің жарқын тұлғалары.

 
Спектакльдегі басты кейіпкер – Любовь Андреевнаның образын сомдаған Жанар Мақашева әртістерге режиссермен істеген жұмыс пен қойылымның үлкен сабақ болғанын жеткізді.

– Дайындыққа бір айдай уақыт кетті және режиссермен жұмыс істеген сондай ұнады. Психолог екен, ішкі жан дүниемізді ақтара алды. Әр спектакль әртүрлі болғандықтан, бұл қойылым бізге үлкен сабақ болды. Бұл кейіпкердің жан дүниесі мен үшін өте күрделі. Кейбір тұсын өз өміріңе енгізгің келеді. Мен сомдаған кейіпкер қайғысын күлкімен жасыруға тырысады. Дегенмен, мен кейіпкердің сезімін өзіме жақын қабылдамауға тырысамын. Бастысы, қойылымда жұмысы десе, жанын беретін жандар жиналған. Ынтызарлық танытқан барша көрерменге шексіз алғыс білдіремін, – деді актриса. 

«Шие бағы» – адамның ішкі мұңы мен өмірдің өткінші тұстарын суреттейтін терең философиялық туынды. Қойылым – өткен мен жаңашылдыққа қадам басу арасындағы күресті сипаттайды. Әсіресе, зырғыған уақыт пен мен өзгеріс заңдылығына мойынсұну, адамның тағдыр жолындағы дәрменсіздігі тереңінен қаузалады. Өмір мен өлімнің, шындық пен елестің арасындағы нәзік шекараға ой жүгіртіп, мәңгіліктің мәнін іздеуге жетелейтін туынды көрерменнің көңілінен шықты. 

Айта кетейік, премьера алдағы күндері де жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.