Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өткен жылы қазақстандықтарға 1,1 млн мемлекеттік қ...

Өткен жылы қазақстандықтарға 1,1 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді

Әлеумет 06.02.2023, 06:13 854
Өткен жылы қазақстандықтарға 1,1 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді
Сурет: Zhaikpress.kz

Қазір проактивті форматта әлеуметтік-еңбек саласының 23 мемлекеттік қызметі көрсетіледі.


2022 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтарға проактивті форматта 1,1 млн түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.



Қызмет көрсетудің проактивті форматы қандай? Бұл кезде адам қандай да бір қызметке жүгінбейді, ал мемлекет оны үйден шықпай-ақ белгілі бір өмірлік жағдай туындаған кезде алуды ұсынады. Ол үшін тек SMS-хабарламаға жауап беру керек.



Проактивті қызметтер көрсету кезінде құжаттарды жинаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер мемлекеттік деректер базасынан электрондық түрде алынады.


Бүгінгі таңда проактивті форматта әлеуметтік-еңбек саласының 23 мемлекеттік қызметі көрсетіледі.


Олардың ішіндегі ең сұранысқа ие болғандары:


- жұмыссыздарды тіркеу (347 мың);


- бала тууға және бала күтіміне жәрдемақы тағайындау (215 мың);


- бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау (179 мың);


- инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы (мемлекеттік кепілдік) арасындағы айырманы төлеу (127 мың);


- мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау (57 мың).


Бұдан басқа, бірқатар басқа қызметтерді түрлендіру және жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Бұрын денсаулығынан айырылған азаматтар мүгедектік белгілеу кезінде, сондай-ақ оңалтудың жәрдемақылары мен техникалық құралдарын алу кезінде төрт түрлі инстанцияға: емханаға, МӘС бөліміне, ХҚКО-ға және әкімдікке жүгінуге мәжбүр болатын.


Енді өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінеді, ал қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен адам қатысуынсыз өтеді.



Мүгедектік белгіленгеннен кейін өтініш берушіге өзіне сеніп тапсырылған техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді проактивті түрде алу үшін тек келген SMS-хабарламаға жауап беру қажет және мүгедектігі бар адамды оңалту мен абилитация жеке бағдарламасына (ОАЖБ) сәйкес оған қолжетімді барлық шаралар автоматты түрде әлеуметтік қызметтер порталына жіберілетін болады. Жыл қорытындысы бойынша, 55 мыңнан астам азамат ОТҚ және әлеуметтік қызметтерді белсенді түрде ресімдеді.



Бұдан басқа ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отбасының әл-ауқатын және мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын айқындайтын "Отбасының цифрлық картасы" жұмыс режимінде іске қосылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызмет #әлеумет #жәрдемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.