ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өткен жылы Қазақстанда автомобиль өндірісі өскен

Өткен жылы Қазақстанда автомобиль өндірісі өскен

Әлеумет 20.04.2022, 16:02 1,149
Өткен жылы Қазақстанда автомобиль өндірісі өскен
Сурет: Pkzsk.info
Өндіріс көлемі 24% өскен.

Өндіріс көлемі 24% өскен.


Қазақстанда 2021 жылы автомобиль өндірісі 24% өскен. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаевпен кездесуінен мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Үкіметтің ресми сайтының хабарлауынша, кездесу барысында машина жасаушылар одағының басшысы осы саланың жай-күйі, сыртқы факторлардың әсері жағдайында алда тұрған міндеттер мен даму перспективалары туралы баяндады.


2021 жылдың қорытындысы бойынша темір жол машинасын жасау 300%-ға, ауыл шаруашылығы машинасын жасау 50,4%-ға, тау-кен металлургиясы машинасын жасау 29,3%-ға, автомобиль өндірісі 24%-ға, электротехникалық машина жасау 16,7%-ға және мұнай-газ машинасын жасау 14,2%-ға елеулі өсім көрсетті.


Кездесу барысында Машина жасау саласын дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасын іске асыру, сала кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету, жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту үшін қолжетімді қаражат бөлу, отандық тауар өндірушілермен оффтэйк-келісімшарттар жасасу, сондай-ақ машина жасау саласындағы өндіріс көлемін арттыру мәселелері талқыланды.


Мейрам Пішембаевтың айтуынша, 2021 жылы импорттың жалпы көлемі $41 млрд құрады, оның ішінде $17 млрд немесе 41%-ы отандық машина жасау өнімдеріне тиесілі. Осыған байланысты импортты отандық өндіріспен алмастыру мәселесі – аталған нарықты дамытып, экспортқа шығу үшін өте өзекті.


Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Үкімет саланы ынталандыру және Қазақстанда машина жасауды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмысын одан әрі жалғастыратынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.