конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өткен жылы МӘМС бойынша стоматологиялық қызмет көр...

Өткен жылы МӘМС бойынша стоматологиялық қызмет көрсету 1,5 есеге артты

Әлеумет 15.02.2022, 08:23 1,702
Өткен жылы МӘМС бойынша стоматологиялық қызмет көрсету 1,5 есеге артты
Сурет: Stan.kz

Бұл -  2020 жылмен салыстырған кездегі көрсеткіш


Аталған қызметтер (5,9 млн қызмет) негізінен 17 жасқа дейінгі балаларға көрсетілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. ​​​​​​​


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмекті тегін алуға мүмкіндік берді. Ал шұғыл жағдайларда зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, АӘК алушылар, сондай-ақ белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер де тегін стоматологиялық көмек ала алады.



«МӘМС жүйесінің іске қосылуының арқасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың тиісті санаттары үшін белгілі бір стоматологиялық қызмет қолжетімді болды. Жүйе енгізілген алғашқы жылы 6,8 млн қызмет көрсетілді. Бір жылдан кейін МӘМС бойынша стоматологиялық көмекті тұтыну бір жарым есеге – 10 млн қызметке дейін өскені байқалады. Стоматологиялық көмекті қаржыландыруды арттыру оған мұқтаж пациенттерді көп қамтуға мүмкіндік берді. Бұл ретте талдау көрсеткендей, стоматологиялық қызметтер негізінен 17 жасқа дейінгі балаларға көрсетілген», - деп атап өтті қор сарапшылары.



Соңғы екі жылда МӘМС есебінен қаржыландыру аясында 37 млрд теңгеге 16,8 млн-нан астам стоматологиялық көмек көрсетілді. 2022 жылға сатып алу жоспарында 22,7 млрд теңгеге стоматологиялық қызмет көрсету қарастырылған.


Қор сарапшыларының түсіндіруінше, стоматологиялық көмек пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы негізінде көрсетіледі, яғни ол үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді. Қызметтерді алу үшін қормен келісімшарты бар жеке стоматологиялық клиниканы таңдауға немесе өз емханаңыздың стоматологиялық кабинетіне жүгінуге болады.


Еліміз бойынша 600-ден астам медициналық ұйым МӘМС бойынша стоматологиялық қызметтер көрсетеді.


МӘМС пакеті бойынша жоспарлы стоматологиялық көмек мына пациенттер үшін қарастырылған:



  • балалар;

  • жүкті әйелдер.


Шұғыл стоматологиялық көмекті азаматтардың мына санаттары ала алады:



  • 18 жасқа дейінгі балалар;



  • жүкті әйелдер;

  • ҰОС қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар;

  • I, II, III топтағы мүгедектер;

  • «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

  • жасы бойынша зейнеткерлер;

  • жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;

  • ерекше қажеттіліктері бар балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.


Қандай жағдайды төтенше жағдай деп санауға болады?



  • флегмонға терінің, тері астындағы тіндердің жедел бактериялық инфекциясы, көбінесе стрептококктар немесе стафилококктар себеп болады;

  • абсцесс, фурункул, карбункул сияқты жақ-бет аймағының өткір, біркелкі емес қабыну аурулары;

  • остеомиелит;

  • сыртқы қолжетімділікті қажет ететін тіс жұлу;

  • тек стационар жағдайында ғана көмек көрсетуге болатын басқа да жағдайлар.


Шұғыл көмек пациенттің өміріне қауіп төндіретін кенеттен болған мынадай жіті және созылмалы аурулар асқынған кезде көрсетіледі: ⁠



  • пульпит (өткір немесе созылмалы);

  • периодонтит (өткір және созылмалы);

  • жақ-бет жарақаты (мысалы, тістің таюы немесе сынуы);

  • жақ-бет аймағының одонтогендік және одонтогендік емес қабыну ауруларының өршу белгілері;

  • стоматит;

  • өткір ауыру жағдайларында;

  • жедел араласуды қажет ететін емдеу әдісі.


Пациенттердің осы санаттары үшін МӘМС-те қандай көмек тегін қарастырылған?



  • анестезия;

  • жақ немесе тістің рентгенографиясы;

  • тісті жұлу;

  • дайындау және пломба салу;

  • периостотомия;

  • пульпит, периодонтит, стоматиттің жедел түрлерін, альвеолитті емдеу;

  • абсцессті ашу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #стоматологиялық қызмет #тегін қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);