Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өткен жылғы мамырмен салыстырғанда халық саны 1,2%...

Өткен жылғы мамырмен салыстырғанда халық саны 1,2% өсті

Әлеумет 14.06.2022, 06:22 1,129
Өткен жылғы мамырмен салыстырғанда халық саны 1,2% өсті
Сурет: Strategy2050.kz

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы еліміздің демографиялық жағдайы туралы мәлімет ұсынды.


2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2022 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 19 199,8 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар – 11 442,9 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 756,9 мың адам (40,4%). 2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға немесе 1,2% өсті.


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда (88 мың адам) 9,8% кеміп, 79,3 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,54 адам болды.


АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде туылғандар саны 127 мың адам болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге (137,4 мың адам) қарағанда 7,6% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,08 туылғандардан келеді.


Осы кезеңде қайтыс болғандар саны 47,7 мың адам болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге (49,5 мың адам) қарағанда 3,6% аз.


2022 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 113 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1109 шетінеген нәресте) 0,4% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 8,76 оқиғаны құрады.


Халықтың көші-қоны


Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 5 122 адамды, елімізден кеткендердің саны 7 041 адамды, көші-қонның айырымы -1 919 адамды құрады.


Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,3% және 80,1% болды.


Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3%-ға кеміді.


Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды:


Алматы (11 577 адам);


Нұр-Сұлтан (10 300 адам);


Шымкент (1 664 адам) қалаларында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#демография #статистика #АХАТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.