Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өткен айда жұмыс берушілер Электрондық еңбек бирж...

Өткен айда жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасында 94 мыңнан астам бос жұмыс орнын орналастырды

Әлеумет 23.07.2024, 14:32 1,066
Өткен айда  жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасында 94 мыңнан астам бос жұмыс орнын орналастырды
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы маусымда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 94,4 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер – 88,9 мың түйіндеме орналастырды.

Мамыр айымен салыстырғанда бос орындар саны 8,6 мың бірлікке (+10%) өсті, ал түйіндеме – 9,6 мың бірлікке (-9,7%) қысқарды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап, 

Бос жұмыс орындарының жалпы өсуіне қарамастан, фермерлерге, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және көлік жұмысшыларына сұраныстың төмендеуі байқалды. Ұсыныс берушілер тарапынан ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен өндірістік сектор операторларының түйіндемелері санының төмендеуі байқалды. Бұл ретте біліктілік бойынша сұраныс құрылымы өзгеріссіз қалды – орта білікті жұмысшылар ең жоғары сұранысқа ие болды (32,8 мың бос жұмыс орны немесе 37%).

Маусым айында білім беру (18,4 мың бос жұмыс орны), басқа да қызмет түрлері (16,4 мың бос жұмыс орны), денсаулық сақтау (8,9 мың бос жұмыс орны) және құрылыс (8,5 мың бос жұмыс орны) салаларының ұйымдары еңбек нарығында дәстүрлі түрде жоғары белсенділік танытты. Олардың үлесі орналастырылған барлық жұмыс орындарының жартысынан көбін құрады.

Өңірлік бөліністе Атырау (7 мың) және Жамбыл (6,7 мың бос жұмыс орны) облыстарының, сондай-ақ Астана (6,7 мың) және Алматы (6,2 мың бос жұмыс орны) қалаларының жұмыс берушілері белсенділік танытты. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда Алматы және Атырау облыстарында бос орындар саны екі есе өскен, ал Астана қаласы мен Батыс Қазақстан облысында сұраныс керісінше төмендеді (тиісінше 13% және 16% - ға).

Түйіндеме санының артуы тек екі өңірде – Шымкент қаласында (+240 түйіндеме) және Атырау облысында (+58 түйіндеме) байқалды. Жұмыс іздеушілердің белсенділігі Батыс Қазақстан (-30% немесе 1,6 мың түйіндеме), Түркістан (-20% немесе 2,4 мың түйіндеме) және Солтүстік Қазақстан (-19% немесе 450 бос жұмыс орны) облыстарында азайды.

Маусым айында білікті қызметкерлер арасында ең танымал мамандықтар автокөлік жүргізушілері (1,7 мың бос жұмыс орны), медбикелер (1,6 мың бос жұмыс орны) және тәрбиешілер (1,5 мың бос жұмыс орны) болды. Бұл ретте PR-менеджерлерге (+1,2 мың бос жұмыс орны), іс жүргізушілерге (+948 бос жұмыс орны) және автоматтандыру инженерлеріне (+235 бос жұмыс орны) сұраныс артты.

Маусым айында жұмыс берушілер ең көп жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 662 мың теңгеден бастап), үңгілеушілерге (~612 мың теңге), сондай-ақ IT-қосымшаларды әзірлеушілерге (~563 мың теңге) ұсынды.

Жұмыс іздеушілер тарапынан басшылық лауазымдарға үміткерлерді қоспағанда, ең жоғары жалақыны өз түйіндемелерінде ұшқыштар (орта есеппен 1 млн теңгеден бастап), кеме капитандары (~933 мың теңге) және коммерциялық кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (~920 мың теңге) көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек биржасы #электронды #түйіндеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.