AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Отбасылық әл – ауқат» қаржылық сауаттылық тренин...

«Отбасылық әл – ауқат» қаржылық сауаттылық тренингі

Әлеумет 16.09.2025, 10:25 865 Жунусасалиев Ж.С.
«Отбасылық  әл – ауқат» қаржылық сауаттылық тренингі
Сурет: anatili.kazgazeta.kz

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын және «Отбасы күні»  аясындағы жалпықалалық жоспарды жүзеге асыруда, Алматы сән және қызмет көрсету саласы  колледжінде  «Отбасылық әл –ауқат»  қаржылық сауаттылық тақырыбында тренинг өткізілді.

 Қаржылық сауаттылық – әр адамның өмірінде маңызды рөл атқаратын дағды.

Іс-шара  колледж  директоры Джунисалиев Жанболат  Сманұлының  сөзімен ашылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - қаржы саласындағы білімдерін кеңейту, жеке бюджетті жоспарлау, артық шығыннан аулақ болу және қаржылық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру болды.

Тренинг барысында келесі тақырыптар қозғалды:

- Ақша деген не және оны қалай дұрыс басқаруға болады; 

- Бюджет құру және жинақ жасау жолдары; 

- Қарыз, несие, пайыз ұғымдары; 

- Қаржылық алаяқтардан қорғану әдістері; 

- Цифрлық қаржы құралдарын (Kaspi, банк қосымшалары) пайдалану ережелері.Қатысушылар интерактивті тапсырмалар мен өмірлік жағдайларға байланысты сұрақтар арқылы білімдерін бекітті.  Пікірталас форматында өткен шара жастардың қызығушылығын оятып, саналы қаржыға деген көзқарасын қалыптастырды.

Қорытындысында, тренингке қатысушылар: 

✓ Жеке қаржыны жоспарлаудың маңызын түсінді; 

✓ Жинақ пен үнемнің құндылығын білді; 

✓ Қаржылық жауапкершілік дағдысын қалыптастырды.

«Саналы қаржы – сенімді болашақ» қаржылық сауаттылық тренингінде ата-аналар, жас педагогтар және студенттер тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты. Ұсынылған тапсырмалар қатысушылардың ұйымшылдығын, ынтымақтастығын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Шара соңында  қатысушылар өз әсерлерімен «Алматы ақшамы» газетімен бөлісті. Тренерлерге қаржы сауаттылығы бойынша сұрақтар қойылып, нақты жауаптар қайтарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #Қаржылық сауаттылық #тренинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);