Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Отбасы банк зейнетақы төлемдері қаражатын жинақтау...

Отбасы банк зейнетақы төлемдері қаражатын жинақтау мерзімін ұзарта ма?

Әлеумет 13.02.2024, 03:43 1,079
Отбасы банк зейнетақы төлемдері қаражатын жинақтау мерзімін ұзарта ма?
Сурет: Ulysmedia.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынады.


Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 135 мыңға жуық азамат өз қаражатын біржолғы зейнетақы төлемдерінен «Отбасы банк» АҚ депозиттеріне жұмсады және осы уақытқа дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарын ресімдеген жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Отбасы банк» АҚ ақпараты бойынша тұрғын үй заемын алу үшін қажетті бастапқы жарнаны жинақтаудың орташа мерзімі алты жылды құрайды.


​Осыған байланысты, Министрлік азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында «Отбасы банк» АҚ депозиттерінде БЖТ қаражатын жинақтау мерзімін 3 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтуды ұсынады.


Бұдан басқа, ерлі-зайыптыларға «Отбасы банкі» АҚ депозиттерін бір-біріне БЖТ қаражатымен толықтыруға мүмкіндік беру ұсынылады.


Сондай-ақ, бұйрық жобасымен тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы «Отбасы банк» АҚ-мен шарт бұзылған кезде БЖТ-мен толықтырылған сома алушының арнайы шотына қайтарылады, ол 20 жұмыс күні ішінде осы қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады немесе емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес емдеуге жібере алады (2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 Министрдің бұйрығы).  


Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне жоспарланған түзетулер НҚА ашық деректер порталында талқылануда. Барлық ескертулер мен ұсыныстар қабылданғаннан кейін бұйрық жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілетін болады. Барлық келісу процесі шамамен екі айға созылады.


Анықтама: біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шоттар (арнайы шот) – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін есептеу үшін алушы ашатын ағымдағы банктік шот.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасы банк #зейнетақы төлемдері #қаражат жинақтау #мерзім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.