Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Отбасы банк "наурыз" бағдарламасы бойынша қатысушы...

Отбасы банк "наурыз" бағдарламасы бойынша қатысушылардың тізімін жариялады

Әлеумет 15.07.2024, 16:12 1,348
Отбасы банк "наурыз" бағдарламасы бойынша қатысушылардың тізімін жариялады
depositphotos.com

Бүгін "Наурыз" бағдарламасына қатысушылардың толық тізімі Отбасы банкінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Тізімге енген 12 500 адамның 7 151 отбасылы қазақстандықтар, 9 100 кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар. Қатысушылардың шамамен 47% тұрғын үй кезегінде тұрғандар, олардың жартысы халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.

«Наурыз» бағдарламасына қатысушылар 15 шілдеден 14 қыркүйекке дейінгі уақыт аралығында Отбасы банкіне кредиттік өтінім беруге тиіс. Егер бағдарламаға қатысушы заем бойынша оң мақұлдау алса, онда желтоқсанның ортасына дейін баспана тауып, оны сатып алуға уақыты болады, – делінген Банк хабарламасында.

Өтініш берушілер мен жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың толық тізімі Отбасы банкінің ресми сайтында жарияланған.

Ұпайлар қалай есептеледі?

  • салым бойынша сыйақы мөлшері – әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;
  • тіркелген некенің болуы – 5 ұпай;
  • балалардың болуы – 10 ұпай (балалар санына қарамастан);
  • халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы – 10 ұпай;
  • 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.

«Наурыз» бағдарламасының шарттары:

  • алғашқы жарна – 20%-дан бастап;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме – 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме – 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
  • несие мерзімі – 19 жылға дейін.

«Наурыз» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша келесі шарттар ұсынылады:

  • алғашқы нарықтағы тұрғын үй, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты және сақтандыру құралы бойынша;
  • моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде екінші нарықтағы тұрғын үй, жылына бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын көлемде.

Заемның ең жоғарғы мөлшері:

  • Алматы мен Астана қалалары үшін – 36 млн теңгеге дейін.
  • қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Бағдарламаға қатысушы бастапқы тұрғын үйді Баспана маркет порталынан таңдап, брондай алады. Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.

Қазір банк Баспана маркет порталында «Отау» бағдарламасына қатысушылар үшін де, «Наурыз» бағдарламасына қатысушылар үшін де тұрғын үй нысандарын белсенді орналастырып жатыр. Қазір таңдауға 13 789 пәтерден тұратын 480 тұрғын үй кешені ұсынылған. Бұл тізім күн сайын толықтырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #Тізім #бағдарлама #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.