AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отбасы банк жалға берілетін тұрғын үйге субсидия а...

Отбасы банк жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алудың ретін түсіндірді

Әлеумет 25.04.2022, 06:48 1,233
Отбасы банк жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алудың ретін түсіндірді
inform.kz

Отбасы банк жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алу үшін берілген кейбір қазақстандықтар өтінімінің қабылданбау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Біз бағдарлама басталғанда 17 мың қазақстандыққа жалға берілетін тұрғын үй субсидиясын алуға шақырту хабарламасын жібердік. Оның ішінде 1662 азаматтан өтінім келіп түсті. Соның ішінде 259 азаматтың өтініші қанағаттандырылды. Яғни олар бағдарламаға қатысып, субсидия ала алады. Бұл бағдарлама үшін цифрлық платформа әзірленді, аталған жүйе тұрғын үйге мұқтаж азаматты автоматты түрде анықтайды. Оған банк қызметкерлері әсер ете алмайды. Азаматтардың жеке деректері мемлекеттік органдардың базасынан тікелей алынады», - деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, 105 қазақстандық өтінім беріп, кейін қайта бас тартқан. Сонымен қатар техникалық себептерге байланысты 947 өтінім қабылданбады.



«Дәл қазір 128 өтінім тексеруден өтіп жатыр. Сол сияқты субсидия бағдарламасының талабына сәйкес келмейтін 61 азаматтың өтінімі кері қайтарылды. Кейбір өтінімдер қабылданбай кері қайтарылып жатыр. Оның себебі өтінім беруші ұялы телефонын көрсету қажет. Ұялы телефон нөмірі мемлекеттік жеке деректер базасындағы нөмірмен сәйкес келуі керек. Яғни екі жақта екі түрлі нөмер болса өтінім қабылданбайды», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұрғынүй #отбасы #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);