AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Отанына қызмет ету мектептен басталады!

Отанына қызмет ету мектептен басталады!

Барлығы 26.05.2025, 16:37 786 dulatbekova
Отанына қызмет ету мектептен басталады!
Сурет: Білім беру басқармасы

Медеу ауданына қарасты №99 жалпы білім беретін мектепте жуырда 6-сынып оқушылары ант берді.

Бұл оқу орнында наурыз айынан бастап «Жас сақшы» атты кадет сыныбы ашылып, өз жұмысын бастады.

Мұндай ерекше сыныптың ашылуына оқу орны мен ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы арасында жасалған меморандум негіз болды. Жобаны ІІМ академиясының бастығы, полиция полковнигі Қалижан Қобландин жеке өзі қолдады. Көктемнің басында полковниктің шақыруымен оқушылар академияға барып, экскурсияға қатысты. Бұл қызықты сапар оқушыларға үлкен әсер етіп, олардың кадет болуға деген ниетін оятты.

«Тігілген әдемі форма, жаңа куәліктер мен саппен жүру дағдылары – бәрі де оқушыларымыздың армандарын шындыққа айналдырды. Оларға қарап көз тоймайды. Олар тек сырт келбетімен ғана емес, мінез-құлқымен де өзгерді. Кадеттерді ең алдымен тәртіп ерекшелендіреді. Олар басқа оқушылар үшін керемет үлгі. Өйткені кадет тәрбиесі – бұл жай ғана сабақтар мен кесте емес, бұл – ар-ожданы мен патриотизмі өмірлік қағидаға айналған, мықты, адал және мақсаткер азаматтарды тәрбиелеу!», – деп мақтанышпен атап өтті №99 мектеп директоры Сания Ембергенова.

22 наурызда «Жас Сақшы» кадеттерінің ант қабылдауына арналған салтанатты рәсімде концерттік бағдарлама өтті. Көрермендерге өз өнерлерін мектептің хор қыздары паш етті, бұл хор да өткен оқу жылында құрылған болатын. Қазақстан туралы әнді 3-сынып оқушысы Айсултан Кенжетай тамаша орындап шықты.

«Сіздер тәртіпті, дәстүрге құрметті, білімге ұмтылыс пен өзін-өзі жетілдіруді талап ететін жолға қадам басып отырсыздар, – деді Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ақнұр Нұралиева жас сақшыларға. – Бұл сыныпқа мақсаткер әрі рухы мықты ұлдар мен қыздар іріктеледі. Кадет болу – жай ғана форма кию емес, бұл – ішкі күй. Бұл – үлгі бола білу, шешімді өз бетінше қабылдау, әлсізге көмектесу, өзіңе, досыңа және еліңе жауапкершілікпен қарау».

Мерекелік іс-шарада академия курсанттары да өнер көрсетті. Олар тек кадеттерге ғана емес, барлық көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Ал бірінші курс курсанты Ахат Самғат «Қазақ полициясы» атты патриоттық әнді орындап берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас сақшы #кадет сыныбы #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);