AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Отандық зерттеушілер қан тамырлары ауруларын емдеу...

Отандық зерттеушілер қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты

Білім және ғылым 16.06.2022, 05:37 1,696
Отандық зерттеушілер қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты
Сурет: Astana-akshamy.kz

Қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан бірегей әзірлемесі кең таралған аурулардан болатын өлім-жітім мен мүгедектікті төмендетуге мүмкіндік береді.


Жергілікті өнертабыс тамырлардың өтімділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бүгінде ғылыми орталықтың қызметкерлері қазақстандық және Еуразиялық салалық ведомствоның патенттерін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 



"Біз жасаған құрылғы қан тамырындағы атеросклеротикалық түйіншектерді түбегейлі алып тастауға мүмкіндік береді. Қарапайым тілмен айтқанда, артерияны тазартады. Құрылғыны тамырға бір енгізгенде бірден бірнеше артерияны тазалауға болады. Екіншіден, түйіршек түзілуінің алдын алу мақсатында бір-екі жылдан кейін тағы бір қайталауға болады. Бұл операцияны бірнеше мәрте қайталап жасауға болады. Тек стент орнату кезінде жасауға рұқсат етілмейді. Артерияға стент орнатса, ол өмір бойы қалып қояды. Кейін көптеген асқынуларға алып келетінін білеміз", - дейді тамыр патологиясы орталығының директоры Оралбай Дәрменов.



Отандық өнертабыс қолданысқа енгізілсе, келешекте тамырларды стенттеу, сондай-ақ жүрек, ми, аяқтағы күретамырларға күрделі операциялардан бас тартуға болады. Емнің бұл түрі жеңілірек өтеді, нәтижесі де жақсы.



"Біздің құрылғымыз – әлемдік жаңалық. Болашақта ол стенттеу және шунттау әдістерін қолданыстан шығаруға ықпал етеді деп ойлаймыз. Бұл әдісті қан тамырларының атеросклеротикалық зақымдануы бар адамдар қолдана алады.  Атеросклероз ауруы қазір жиі кездеседі. 40 жастағылардың арасында әрбір төртінші адамда, 60 жастағылардың арасында әрбір екінші адамда осы ауру анықталады", - дейді тамыр патология орталығының директоры Оралбай Дәрменов.



Жаңаша емдеу процедурасы қазақстандықтар үшін аса қымбатқа түспейді. Ұқсас әдістерге қарағанда оның құны әлдеқайда төмен. Қазір құрылғының зертханалық және өнеркәсіптік үлгілері дайындалу үстінде. Бұл клиникалық зерттеулер жүргізіп, коммерциялық өндірісті жолға қою үшін қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отандық зерттеушілер #бірегей әзірлеме #қан тамырлары аурулары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);