AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық тауар өндірушілерді арзан дизель отынымен...

Отандық тауар өндірушілерді арзан дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Әлеумет 03.05.2022, 15:35 1,325
Отандық тауар өндірушілерді арзан дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Үкіметте ішкі нарыққа мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізу схемаларын қайта қарауды көздейтін заңнамалық өзгерістер қаралды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) өндіру және бөлу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Тиісті ұсыныстарды Энергетика министрлігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖЖМ нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әзірледі.


Баяндама жасаған энергетика министрі Болат Ақшолақов ішкі нарыққа мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізу схемаларын қайта қарауды көздейтін заңнамалық өзгерістер енгізуді ұсынды.



Мәселен, мынадай өзгеріс қарастырылған: қайта өңдеу үшін мұнайды тікелей жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ олардың еншілес маркетингілік құрылымдары жеткізіп отырады. Бұдан бөлек, Мұнай өңдеу зауыттарының мұнайды сатып алуы, мұнай өнімдерін өткізу саласынан өнімсіз делдалдарды шеттету ұсынылады.



Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Мәселен, осындай отын көлемінің мақсатты бөлінуін бақылау үшін аумақтық бөліністе АШТӨ-нің деректер базасын құру және отын бөлудің электрондық-ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр.


Сонымен қатар Энергетика министрі елден жанар-жағар май ағынын шектеу бойынша ұсынылған шараларды атап өтті. Атап айтқанда, автокөлікпен ЖЖМ шығаруға салынған тыйымды ұзарту және рұқсатсыз шығаруға жауапкершілікті күшейту мәселесі қарастырылып жатыр. Кеңесті қорытындылай келе, Үкімет басшысы ұсынылған тәсілдерді мақұлдап, Энергетика министрлігіне оларды барлық мүдделі тараппен бірге пысықтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жанармай #жеңілдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);