AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Отандық каскадерлер жаңа белестерді бағындыруда

Отандық каскадерлер жаңа белестерді бағындыруда

Не? Қайда? Қашан? 03.12.2021, 09:04 1,480
Отандық каскадерлер жаңа белестерді бағындыруда
Сурет: Qazaqtv.com

Жергілікті дублерлар Болливудтағы ауқымды жобаның түсіріліміне атсалысуға ниетті


Қазір олар жасанды қойылымдар топтамасын дайындау үстінде. Жоба тапсырыс беруші тарапынан мақұлданса, келер жылдан түсірілім жұмыстары басталмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ондағы күрделі әрі әсерлі көріністерге 5 қазақстандық және 30 үндістандық каскадер қатысады деп келісілген.



«Бұл жолы мен экшн директор ретінде шақырту алдым. Яғни өзімнің командаммен, операторлар тобыммен экшн көріністерді бастан-аяқ түсіруді сеніп тапсырып отыр. Бұл бізге берілген үлкен баға деп білемін. Бұл – аса ауқымды әрі күрделі жоба. Кино Үндістан мен Пәкістан арасында болған соғыс уақытында әке мен бала оқиғасын баяндайды. Онда махаббат бар, дегенмен желісі негізінен шытырманға толы. Сюжетте әкесі ұлын ұрыстардан аулақ ұстауға тырысып, жаны қалмай алысады», - дейді Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов.



Nomad Stunts тобының құрамында қазақстандықтардан басқа Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Украина, Болгария, Германия және Австрия елдерінің кәсіпқой мамандары бар. Халықаралық құрам «Тоқтаусыздар-2», «Ронин», «Жабайы Конан», «Моңғол», «Мулан», «Көшпенділер» және «Томирис» сынды фильмдердегі жұмыстарымен кеңінен танылды. Олардың орындауындағы ерекше экшн қойылымдар әлемдік кино өндірісі майталмандары мен сыншылары тарапынан жоғары бағаға ие болып жүр. Жақында топ мүшесі Әлия Ысқақова Канаданың беделді кино және телеарна академиясының арнайы жүлдесін жеңіп алды.



«Ол Канадада жұмыс істеп жүргенде «Кунг-фу» атты сериал кейіпкеріне дублер болу ұсынысы түскен. Оның жұмысы лайықты бағаланды. Осыдан екі апта бұрын «Үздік трюктер» және «Үздік каскадер» аталымдары бойынша сынға түсіп, марапатқа ие болды», - дейді Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов.



Жаһандық деңгейде кеңге танылған блокбастерлерде ерекше өнерлері және мінсіз жұмыстары мен әлемді мойындатқан қазақстандық экшн шеберлеріне ірі шетелдік кинокомпаниялардан және атақты режиссерлер тарапынан ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар жиі түседі. Мәселен, келесі жылы голивудтық жобаға қатысу жоспарланған. Каскадерлер тарихи, заманауи кино туындылардың күрделі қойылымдарында актерлерге дублер болып, көрініске әсер қосып, жандандыра түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жергілікті дублерлар #каскадердар #ауқымды жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);