AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Отандық ғалымдар сүйекті қалпына келтіретін қолжет...

Отандық ғалымдар сүйекті қалпына келтіретін қолжетімді биоматериал әзірледі

Білім және ғылым 11.05.2022, 04:17 1,625
Отандық ғалымдар сүйекті қалпына келтіретін қолжетімді биоматериал әзірледі
Сурет: Elorda.info

Қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит әзірледі.


Білім және ғылым министрлігінің Жану проблемалары институтының ғалымдары жасап шығарған сүйекті алмастыратын материал шетелдік аналогтардан үш есе арзан. Отандық компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алып үлгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ сайтына сілтеме жасап.



«Биологиялық шикізаттан гидроксиапатит термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакциялар жүргізу және посттермиялық күйдіру арқылы алынады. Біздің модификация барлық әдісті алуды жақсарту арқылы уақытты ұлғайту есебінен және жоғары температура режимін таңдау және т.б. есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде біз жақсартылған кристалдық құрылымы және өнімнің тазалығы жоғары (95%) сапалы материал алдық. Шетелдік компаниялар осындай жоғары сапалы ИАӨ-нің (икемді автоматтандырылған өндіріс) 1 грамын шамамен 32 мың теңгеге сатады. Ал біздің материалдың бағасы 1 грамы үшін 10 мың теңге», – дейді ҚР БҒМ Жану мәселелері институтының ғалымы Зұлқайыр Мансұров.



Қазір химия ғылымдарының докторы, профессор З.А. Мансұров медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚазМҮББУ стоматология кафедрасының профессоры М.А. Темірбаевпен бірлесіп алынған минералды іс жүзінде қолдану жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандық гидроксиапатит сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйек зақымдалған жараларда, сынықтарда, пластикалық хирургияда, яғни бет сүйектерінің пластикалық хирургиясында және тістерді имплантациялауда қолданылады.



«Гидроксиапатитпен қапталған имплантаттар кері реакция тудырмайды және сау сүйек тінімен белсенді түрде байланысып, регенерация мен оңалту процесін жеделдету қабілетіне ие екенін атап өткен жөн. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиопатит импорттық материалдарды оңай алмастыра алады», - деп түсіндірді Зұлқайыр Мансұров.



Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша ҚР БҒМ КОКСОН және Scopus индекстелген деректер қорында ғылыми жұмыстар жарияланды. Бұл зерттеу жұмысының сенімділігі мен өзектілігін көрсетеді.


Айта кетейік, ғылыми жұмыс ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды.








Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сүйек #Биоматериал #отандық ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);