AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Отандық ғалымдар медициналық қалдықтарды жоюдың жа...

Отандық ғалымдар медициналық қалдықтарды жоюдың жаңа тәсілдерін тапты

Білім және ғылым 20.12.2021, 06:52 1,675
Отандық ғалымдар медициналық қалдықтарды жоюдың жаңа тәсілдерін тапты
Сурет: Lenta.inform.kz

Қазақстандық ғалымдар медициналық қалдықтарды жоюдың инновациялық әдісін ойлап тапты


Отандық плазмохимиялық реактордың баламасы жоқ. Бірегей қондырғы биоматериалды термиялық залалсыздандыруға мүмкіндік береді. Ол үшін енді медициналық қалдықтарды сұрыптаудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Екі мың градус температураға дейін қызған пешке түскен кез келген зат қас-қағым сәтте еріп, уытты компоненттердің ыдырауына жол берілмейді.



«Біздің технологияның басты артықшылығы аса жоғары температураның қолданылуында. Жаңа әдіс бойынша реакторда медициналық қалдықтар әдеттегідей отқа жағылмайды, газдандыру арқылы ыдыратылады. Нәтижесінде тек таза экологиялық газ ғана пайда болады. Яғни бейтарапталған газ және таза экологиялық күл шығады. Дәстүрлі технологиядан басты айырмашылығы осы», - дейді жоба авторы Александр Устименко.



Бүгінде елімізде медициналық қалдықтар екі есе төмен температурада жағылады. «Бұл улы компоненттердің толық жойылуына мүмкіндік бермейді», – дейді ғалым. Инфекцияланған жоғары уытты медициналық қалдықтар адам денсаулығы үшін де, қоршаған орта үшін де қауіпті екені мәлім. Сондықтан оларды залалсыздандырудың өзге де тиімді әдістері қолданылып жүр.


Автоклавтау, яғни қалдықтарды бу, су буы қысымымен өңдеу баламалы әдістері бар. Ол  медициналық ұйымдардың өзінде жүргізіледі. Мұның нәтижесінде атмосфералық қысым арқылы медициналық қалдықтардың құрамындағы зиянды микроорганизмдер жойылады. Сондай-ақ медициналық қалдықтарды химиялық ерітінділерге салу немесе қысқатолқынды қондырғылар арқылы залалсыздандыруға болады. Олардың қатарына көп ұзамай отандық ғалымдардың плазмалық өңдеу әдісі қосылуы әбден мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медициналық қалдықтарды жою #инновациялық әдіс #Ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);