ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Отандық ғалымдар ағзаны вирустан қорғайтын өнім ой...

Отандық ғалымдар ағзаны вирустан қорғайтын өнім ойлап тапты

Медицина 24.10.2021, 12:34 1,363
Отандық ғалымдар ағзаны вирустан қорғайтын өнім ойлап тапты
Cурет: Baq.kz
Өнім онкологиялық аурулардың да алдын алуда тиімді

Өнім онкологиялық аурулардың да алдын алуда тиімді


Әлемді індет жайлаған кезеңде организмді вирустан қалай қорғап, созылмалы аурулар мазаламас үшін иммунитетті қалай көтеруге болады? Соңғы уақытта әрбір қазақстандықты осы сұрақ мазалап жүргені анық. Отандық ғалымдар ағзаны вирустан қорғайтын өнім ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.


National Laboratory Astana (NLA) Nazarbayev University зертханасының мамандары ағзаны әрлендіретін НӘР деп аталатын синбиотикті жасап шығарды.


Синбиотикалық сусынның созылмалы ауруға шалдыққан адамдарға ем-домдық ықпалы клиникалық тұрғыда дәлелденген. Сондай-ақ ол қант диабеті, метаболизмдік синдром, артериялық гипертензия мен артық салмағы бар адамдардың денсаулығын жақсартады деп отыр мамандар.


Өнім құрамына бірегей пробиотикалық ашытқы, пектин, инулин мен антибиотикпен емделген соң және және созылмалы ауруларды емдегенде организмді қалпына келтіретін балық коллагені кіреді. Жылдам сіңетін микроэлементтер мен дәрумендерден тұратын сусын ішкі факторлар мен қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен жасушаларды қорғайды.



«Өсімдік талшықтары мен Жапонияда өндірілген балық коллагенінің арқасында сусын өмірлік қажетті аминқышқылдары мен минералдың қорларын толтыра алады. Жалпы, өнім ұзақ өмір сүруге себеп болады және онкологиялық аурулардың алдын алуда тиімді. Қазақстандық ғалымдар әзірлеген формула иммунитетті нығайтып, холестерин деңгейін төмендететін сусын алуға мүмкіндік береді. Сусын ішектің микробтық балансы бұзылғанда пайдалы. Оны кез келген жастағыларға қолдануға болады», - дейді әзірлеуші ғалымдар.



Отандық сусынды жасап шығарғанда ғалымдар кешенді пробиотикалық, сондай-ақ антиоксидантты қасиеттерге ие қымыз, шұбат, айран секілді ұлттық сусындардың микроорганизмдерінің бірегей штамдарын қолданыпты. Өнім антингентоксикалық қасиетінің арқасында колоректалды обырдың алдын алуға және қарт адамдардағы метаболизмдік синдром мен кардиоваскулярлық ауруларды емдеуге бағытталған көрінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.