AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық фармацевтика өндірісінің көлемі 95 млрд те...

Отандық фармацевтика өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге дейін өсті 

Әлеумет 13.08.2024, 11:32 1,197
Отандық фармацевтика өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге дейін өсті 
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық фармацевтикадағы компанияларды қолдау шаралары қаралды. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 95 млрд теңгеге дейін ұлғайды, өсім 14,5%-ды құрады. Бүгінгі таңда 35 қазақстандық өндірушімен 4 мыңға жуық фармацевтикалық өнім түрін жеткізуге 94 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Үш жыл ішінде ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде толық көлемге кезең-кезеңмен шығу жоспарланған.

«Жылдың соңына дейін өзге 24 отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттардың жасалуы арқылы 1 412 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткізілуі  қарастырылуда. Дәрілік заттарды сатып алу кезінде отандық өндірушілер үшін преференциялар белсенді пайдаланылады. Мәселен, осы тетікті пайдалана отырып, биылғы алты айда 29,5 млрд теңгеге 196 дәрі-дәрмек түрлері жеткізілді», — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова. 

Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ тізбесі негізінде кең таралған ауруларды емдеуге арналған басым дәрілік заттардың тізімін жасады. 283 дәрілік зат іріктеліп алынды, осы тізімдегі 107 дәрілік заттар Қазақстан аумағында өндіріледі. Еліміздің дәрілік қауіпсіздігінің тұрақты базалық деңгейін қамтамасыз ету үшін таяу болашақта қалған 178 басым дәрі-дәрмектің өндірісін жолға қою қажет, деп атап өтті министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақмарал Әлназарова #денсаулық #фармацевтика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);