конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық дрон сынақтан сәтті өтті

Отандық дрон сынақтан сәтті өтті

Әлеумет 01.06.2023, 04:46 1,088
Отандық дрон сынақтан сәтті өтті
Сурет: gov.kz

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ жаңартылған үлгідегі «Шағала-М» ұшқышсыз ұшу аппаратының сынақ жұмыстарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша отандық дронның тактикалық және техникалық сипаттамалары жақсартылып, жылдамдығы, әуеге көтерілуі және ұшу ауқымы кеңейді.



«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов айтқандай, елімізде құрастырылған ҰҰА әмбебаптығымен ерекше. Мәселен, оны мұнай-газ, энергетика секторлары және азаматтық қорғаныста, оның ішінде іздеу-құтқару жұмыстарында қолдануға болады. Бұған қоса қазақстандық өнімнің төтенше жағдай кезінде тікұшақты алмастырып, мұнай және газ құбырларына, сондай-ақ электр желілеріне бақылау жүргізуде пайдасы көп.


«Шағала-М» аппаратының артықшылығы оған ұшып-қону жолағы қажеті жоқ. Бағасы шетелдік аналогтармен салыстырғанда арзан. Аталған өнімді сату мәселесіне келсек, СТ–KZ және индустриялық сертификаттары мен патенті бар», - деді «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығының бас директоры Ғани Байсейітов.



Бұл орайда биыл ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның әуе кеңістігінде Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жөніндегі ережені әзірлеп, соған сәйкес әуе кеңістігін пайдалану тәртібінен бөлек ұшу аппараттарын есепке алу, санаттарға бөлу мен дрондарға рұқсат құжаттарын беру жолдары қарастырылған.


Бұдан басқа ұлттық компанияның авиациялық-оқу орталығында азаматтық мақсаттағы дрондар мен коптерлердің қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұшқыштар мен механиктерді даярлау бағдарламасы іске қосылғанын айта кетейік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дрон #сынақ #Шағала-М
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);