AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Отандық дәрігерлер сирек кездесетін ота жасады

Отандық дәрігерлер сирек кездесетін ота жасады

Медицина 06.08.2023, 04:35 1,724
Отандық дәрігерлер сирек кездесетін ота жасады
Сурет: Elorda.info

Нақтырақ айтқанда, дәрігерлер науқастың тіліне операция жасады.


Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары сирек кездесетін Макроглоссия деп аталатын диагнозы бар 62 жастағы науқастың тілін резекциялау бойынша бірегей ота  жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқастың тілінің мөлшері шамадан тыс үлкейіп кеткен: ұзындығы 16-18 см-ге дейін, ал ені 10 см шамасында болған.


Макроглоссия - тілдің шамадан тыс ұлғаюымен сипатталатын сирек кездесетін патология. Бұл ауруға шалдыққан жанның тілі аузына сыймайды, сондықтан кейбір науқастар жиі аузын ашып жүруге мәжбүр болады. Макроглоссия көбінесе тыныс алудың, жұтыну және сөйлеудің  бұзылуына әкеледі, өмір сүру сапасын едәуір нашарлатады. Мұндай жағдайларда осы патологияны хирургиялық емдеудің қажеттілігі туады.


Мұндай патология сирек кездесетіндіктен және хирургиялық тәжірибенің болмауына байланысты барлық медициналық мекемелер мұндай отаны жасауға дайын емес.


Науқас ұйқы кезінде тыныс алудың, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуынан зардап шекті. Соматикалық жағдай бірқатар қатар жүретін ауруларды күшейтті.


Ауыр соматикалық жағдайды ескере отырып, пациентті кардиологтар, кардиохирургтар, невропатологтар, эндокринологтар 3 ай бойы мұқият зерттеп-қарады. Осыдан кейін, ҰҒОО басшылығының мақұлдауымен науқас емдеуге жатқызылды. Хирургтар бригадасы Б.Д.Шалабаев, Д.Серікбайұлы, А.А.Нұржанов отаны сәтті жасап шықты. 


Екі айдан астам уақыт өткеннен кейін отаның оң нәтижесі анықталды. Науқастың тілі әдеттегі өлшемге ие болды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отандық дәрігерлер #тіл #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);