ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Отандық дәрігерлер миға пышақсыз операция жасауды...

Отандық дәрігерлер миға пышақсыз операция жасауды бастады

Медицина 27.05.2022, 10:29 1,827
Отандық дәрігерлер миға пышақсыз операция жасауды бастады
Cурет: 24.kz
Отандық дәрігерлер жоғары радиоактивті сәулелермен ем жасауда.

Отандық дәрігерлер жоғары радиоактивті сәулелермен ем жасауда.


Гамма-пышақ құрылғысы арқылы бір жылда 400-ден астам науқас ем-дом алып шыққан. Құрылғы мидағы ісікті сәулемен емдейді. Яғни бас сүйекті ашуды қажет етпейді. Отандық нейрохирургтер осы арқылы мидың өте қиын қуысында пайда болған ісікті еш қиындықсыз алып тастай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Павел Шведцов бір жыл бұрынғы жағдайын қайта еске түсіргісі келмейді. Басының ауырғанына мән бермей жүргенде, бір күні талып құлаған. Миында ісік пайда болғанын естігенде, бірден нейрохирургия орталығының мамандарына жүгініпті. Оған гамма-пышақпен ем жасалған. Қазір қал-ахуалы жақсарып, көлікті де өзі жүргізеді.



"Мен бұрын басым айналып, жүре алмай қалдым. Гамма-пышақпен еш қиындықсыз емделіп шықтым. Ем жасалған күні аяққа тұрдым. Алайда мидағы ісік бүршіктері бірнешеу болғандықтан, бүгін тағы тексерілуге келдім", - дейді қала тұғыны Павел Шведцов.



Радиохирургиялық қондырғы ми ісігімен қатар, тамырлы және функционалды ауруларды емдей алады. Аппараттағы гамма сәулесі дәрігер белгілеген ісік ошағына бағытталады. Ал науқас ешқандай ауырсынуды сезбейді.


Хирургиялық ашық операцияларды алмастыратын аппаратпен бүгінге дейін 400-ден астам адам ем алған. Орталық Азияда тек біздің елде ғана болғандықтан, көрші елден келетін науқастар бар. Қазақстан азаматтарына бұл құрылғымен ем-дом тегін жасалады. Нейрохирургтардың қолы жетпейтін, өте күрделі жерде орналасқан ісіктерді осы құралдың көмегімен жоюға болады, – дейді маман. 



"Кейбір науқастың миында бірнеше ісік болуы мүмкін. Оларды да бір мезетте көп болса, екіге бөліп, арасын 3-6 айға бөліп ем жүргізуіміз мүмкін. Бұның артықшылығы тек потологиялық ошақты сәулелендіреді. Бас миы одан тыс қалады. Науқастар көбінде бізде мұндай аппарат барын біле бермейді. Шетелге баратындар бар", - дейді нейрохирург дәрігер Нұрзат Сығай.



Қазақстан осындай жоғары технологиялық жабдығы бар ТМД аумағындағы үшінші ел. Жалпы, әлемде 400-ден астам гамма-пышақ қондырғысы бар, олардың жартысы АҚШ пен Жапонияда орналасқан. Сондықтан отандық дәрігерлер алдағы уақытта гамма-пышақтың қолданыс аясын кеңейтіп, түрлі ауруларды емдеуді жоспарлап отыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.