AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық білім беру саласының көшбасшысы

Отандық білім беру саласының көшбасшысы

Әлеумет 28.12.2024, 13:51 1,073 Bakyt
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
akorda.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті

 

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараға іргелі білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, түлектері және университетпен серіктестік орнатқан шетелдің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Ерлан Қарин жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Хатта Мемлекет басшысы университеттің мерейлі белесі ұлттық ғылым және тұтас білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға екенін атап өткен. ҚазҰУ – еліміздегі алғашқы университеттердің бірі. Қазіргі таңда білім ордасы халықаралық рейтингтерге сәйкес Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында көш бастап тұр, ал оның түлектері еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.

Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші университет ұжымын, студенттерін және түлектерін мерейтоймен құттықтады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің айрықша рөлін атап өтіп, оқу орны Алматының және отандық білім беру саласының белгілі брендтерінің біріне айналғанын жеткізді.

Білім ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев өз кезегінде оқу орнының ғылыми-зерттеу бағытындағы, инновация саласындағы жетістіктері, студенттер қалашығының дамуы, университеттің алдағы жоспары туралы баяндады.

Салтанатты іс-шарада университет қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Жас ғалымдарға пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ білім ордасының тарихы мен жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді. Жиын шығармашылық ұжымдары, қазақ эстрадасы мен операсының әйгілі орындаушыларының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерлан Қарин #ҚАЗҰУ #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);