Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «ОТАНДАСТАР» форумына 40-тан астам елден 200-ге жу...

«ОТАНДАСТАР» форумына 40-тан астам елден 200-ге жуық отандасымыз қатысады

Әлеумет 10.10.2023, 14:48 1,113
«ОТАНДАСТАР» форумына 40-тан астам елден 200-ге жуық отандасымыз қатысады
Сурет: ашық дерекөз

11 қазан күні Астанада өтетін «ОТАНДАСТАР» форумына 40-тан астам елден 200-ге жуық отандасымыз қатысады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.



Олар – шетелдегі қазақ ұйымдарының басшылары, белсенділері, жанашырлары және шетелдегі ғылым, білім, мәдениет, бизнес, медиа, саясат сынды басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлері. 
Осы ретте 10 қазан сейсенбі күні Форумның Бас серіктесі «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры және Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған спорттық бағдарлама аясында форум  қонақтары ұлттық құндылықтарымызбен етене жақын танысты. Атап айтқанда, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Салалық спорт федерацияларының мамандары ұлттық ойындарымыздан (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, құсбегілік) қойылым көрсетті. Қонақтардың назарына  қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар да ұсынылды.  
Қойылым алдында сөз алған Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов:
 


«Кезекті рет ұйымдастырылып отырған «Отандастар форумы» шетелдердегі қазақ ұйымдарының басын қосатын аса ауқымды жиын. «Altyn Qyran Foundation»  қоғамдық қоры және Ұлттық спорт қауымдастығы осындай іргелі жобаға қолдау көрсетуді  өзіне аса зор мәртебе санайды. Баршаңызға мәлім,  ұлттық спорттың артында ұлтымыздың тарихы, салт-дәстүрі, намысы мен рухы тұр. Ұлттық спорт қауымдастығы ата-бабадан қалған қасиетті мұраны дамытуға бар күшін салып отыр. Отаны бірдің – тілегі бір! Береке-бірлігімізбен Қазақстанның мемлекеттігін нығайта түсеміз деген сенімдемін» - деді.





Сондай-ақ қауымдастық президенті қандастарды келесі жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына шақырды.




«Отандастар» форумының Бас серіктесі – «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры.
Форумның Титулды демеушісі –  «Sine Midas Stroy» құрылыс компаниясы.





Демеушілер:
- Астана әкімдігі; 
- «Rixos President Astana» қонақ үйі;        
- ЖШС «СHİ»;
Тіркеліп, қосымша ақпарат алу үшін: 
+7 708 631 17 96 (Нұрымжан Қасымұлы)
+7 708 537 5710 (Гүлнар Абайқызы)
+7 775 510 51 91 (Алжан Нұрланұлы)
Почта: forumotandastar@gmail.com
Ресми сайт:  otandastarforum.kz                       Instagram (@otandastar_qory)
Facebook (OtandastarQory)                                    YouTube (Otandastar channel

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отандастар #форум #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.