AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Отан даусы" әскери-патриоттық ән байқауы мәресіне...

"Отан даусы" әскери-патриоттық ән байқауы мәресіне жетті

Әлеумет 25.01.2025, 13:12 1,154
"Отан даусы" әскери-патриоттық ән байқауы мәресіне жетті
Суреттерді түсірген - Самат Құсайынов

Алматы қаласындағы Орталық армияшылар үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Отан даусы" атты әскери-патриоттық ән-би байқауы өтті. Бұл шараға қала мектептерінің оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Шара салтанатты түрде Қазақстанның Әнұранымен ашылып, "Кербез гүлдер" бишілер тобының "Қазағым-ау" биімен жалғасты. Байқаудың маңыздылығы туралы ҚР Қарулы Күштері Әскери-патриоттық орталығы басшысының орынбасары, генерал Иван Панфиловтың жиен-немересі Алуа Байқадамова атап өтті:

"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жақындауына қазақстандықтардың қосқан үлесі өлшеусіз. Бұл байқау жастарға ерлікті насихаттаудың және отансүйгіштік сезімді ұялатудың бір жолы."

Алуа Байқадамова байқаудың әділқазылар алқасының төрайымы болды. Оның құрамында әнші Айжан Нұрмағамбетова, скрипкашы Жәмила Серкебаева және хореограф Низам Кәрімов секілді өнер шеберлері бар.

Алматы қалалық Білім басқармасы Дене тәрбиесі және спорт оқу-практикалық орталығының директоры Бақтияр Елемесов:

"Байқаудың мақсаты – жас өнерпаздарды анықтау ғана емес, олардың бойында отаншылдық рухты қалыптастыру," – деп бөлісті.

Байқау барысында оқушылар өздерінің ерекше қабілеттерімен көзге түсіп, әсерлі әндер мен би қойылымдарын ұсынды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отан дауысы #оқушы #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);