Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар Ішкі істер...

Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына түсе алады

Әлеумет 13.03.2023, 11:32 1,255
Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына түсе алады
Сурет: Halyq-uni.kz

 Ішкі істер министрлігі «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Атап айтқанда, енді Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына түсе алады.



«Мерзімді әскери қызмет өткерген және ІІМ-нің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және оқуға түсетін жылы 24 жасқа толмаған азаматтар мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей қабылдау жылы 1 маусымға дейінгі мерзімде ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесі, Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орны басшысының немесе тұрғылықты жері бойынша әскери бөлім командирінің атына өтінішпен жүгінеді. Бөлім командирі міндетті арнайы тексеру және әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес, кандидаттың алдын ала медициналық куәландырудан өтуі бойынша жұмысты ұйымдастырады», - делінген құжатта.



Міндетті арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азаматтар 20 шілдеге дейін қажетті құжаттарды тапсырып, түпкілікті медициналық тескерістен өтуі үшін әскери оқу орнына баруы тиіс.



«Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орнына қабылдау жыл сайынғы қабылдау жоспарының 20%-нан аспайтын мөлшерде Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде бұрын жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады», - деп көрсетілген бұйрық жобасында.



Әскери оқу орнына түсу үшін Отан алдындағы борышын өтегендердің ҰБТ нәтижесі есепке алынбайды.


Олар мына құжаттарды ұсынуы тиіс:


- мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған);


- ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы).


Құжат 29 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскерге барғандар #оқуға түсу #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.