AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Осы жолғы сайлаудың басты ерекшелігі қандай?

Осы жолғы сайлаудың басты ерекшелігі қандай?

Сайлау-2023 19.03.2023, 09:29 1,706
Осы жолғы сайлаудың басты ерекшелігі қандай?
Сурет: aшық дереккөз

Парламент сайлауы - Президент ұсынған саяси реформалардың жалғасы.


Өйткені, бұған дейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сенат пен Мәжілістің қызметі қайта қаралды. Енді Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау саяси реформаларды жалғастыруы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 


Осыған дейін елімізде 7 Мәжіліс сайлауы өтті. Алғашқы үшеуі аралас жүйемен болса, 2007 жылдан бері депутаттар партиялық тізім бойынша сайланып келді. Ал бұл жолғы саяси аламан жаңа тәртіп бойынша өтеді. Яғни Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы тікелей сайланады.


Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауы да аралас үлгімен өтеді. Ал аудан-қалалардағы мәслихат депутаттары толығымен тікелей сайланады. Осылайша ел арасында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашылып отыр. Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдеді. Оның шегі 4 есе, 20 мыңнан 5 мың адамға азайды.Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендеді. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азайды. Сонымен бірге сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген баған енгізілді.


Партиялардың Мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі 7-ден 5 пайызға дейін азайды. Сайлау үдерісіне қоғамның түрлі өкілдерін барынша тарту үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді. Мысалы, депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілді. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды. Былтыр, қыркүйектегі жолдауында Президент Мәжіліс пен Мәслихат сайлауы өтетінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #парламент #ерекшелік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);