AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Осы жолғы ҚХА сессиясының жөні бөлек – Асылы Осман

Осы жолғы ҚХА сессиясының жөні бөлек – Асылы Осман

Әлеумет 30.04.2022, 14:17 1,931
Осы жолғы ҚХА сессиясының жөні бөлек – Асылы Осман
Cурет: Ашық дереккөз

Ассамблея мүшелерінің қазақ тілінде баяндама жасағаны көңіліме медеу болды


Қоғам қайраткері Асылы Осман бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында көтерілген мәселелері туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.


Оның айтуынша, осы жолғы сессия қоғамның талабына сай өткен. Сессияда мемлекет басшысының қазіргі реформаларын халыққа кеңінен түсіндіріп, оны жүзеге асыруға атсасылу мәселесі қозғалған. Одан бөлек Ассамблея мүшелерінің қазақ тілінде баяндама жасағаны көңіліме медеу болды, дейді  қоғам қайраткері.



"Жиын барысында Президент қолға алынған реформалар мен Жаңа Қазақстанды қалай түрлендіретініміз жайлы баяндады. Дегенмен, айтылу бар да оны жүзеге асыру бар. Бұл реформаның барлығы 1-2 күнде болатын нәрсе емес, бірақ қазақта «алыс сапар – қадамнан басталады» деген сөз бар. Өзгерісті бәріміз бүгіннен бастауымыз керек және бұл бір-екі адамның қолынан келмейді, қоғам болып жұмылуымыз керек", - деді Асылы Осман.



Сонымен қатар ол жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен мемлекеттік тіл туралы айтылғанын жеткізді.



"Атқарылып жатқан істің барлығына көңілім толады, алайда мемлекеттік тілді бірінші орынға қоямыз деп айтқанымен, оның орындалмай жатқаны көңілімді көншітеді. Ассамблеяның құрылғанына 27 жыл болды, олар қазақтың төңірегіне топтасып, еліміздегі кемшіліктерді, оның ішінде тілге қатысты мәселені  айтуы керек еді. Бірақ ондай болмады, яғни қазақ тілінің өз тұғырына қонбағаны мені ашындырады", - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея #сессия #Асылы Осман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);