ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Өскеменде ауа сапасы күрт нашарлауының себебі айты...

Өскеменде ауа сапасы күрт нашарлауының себебі айтылды

Мұны білген жөн 24.10.2025, 16:12 315
Өскеменде ауа сапасы күрт нашарлауының себебі айтылды
depositphotos.com
Өскеменде ауа сапасы күрт нашарлауының себебі Өскемен қаласында қалыптасқан қолайсыз метеорологиялық жағдайларға қатысты өткен брифинг барысында айтылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өскеменде ауа сапасы күрт нашарлауының себебі Өскемен қаласында қалыптасқан қолайсыз метеорологиялық жағдайларға қатысты өткен брифинг барысында айтылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, желсіз күндерде кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жолға қойылған.

"Қолайсыз метеожағдайлар кезінде өндіріс орындары шығарындыларды азайту шараларын қабылдайды. Бүгінде Өскеменде автокөлік саны да көбейіп кетті. Жылыту маусымы басталған кезде жер үйлер көмір жаға бастайды. Ауа сапасының нашарлауына бұл факторлар да әсер етіп отыр", - деді ол.

Экологиялық мониторинг деректері бойынша, ауадағы зиянды шығарындылардың негізгі көрсеткіштерінің көпшілігі бойынша белгіленген нормативтен асып кету фактісі анықталған жоқ.

ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан кезде мектептердің қашықтан оқыту форматына көшу алгоритмі әзірленеді.

"Ауа сапасының нашарлауы, көктайғақ немесе күннің күрт суытуы сынды себептерге қатысты сабақты онлайн форматқа көшіру шешімін үнемі білім бөлімдері қабылдайды. Мысалы, Алтай қаласында ауа температурасы -45 градус болып, сабақтар тоқтатылса, бұл шешім Зайсан ауданына еш қатысы жоқ. Білім бөлімдері бізге ақпарат ұсынады, соның негізінде олармен бірге тиісті шешім қабылдаймыз. Кеше «Қазгидромет» РМК-нан Өскеменде 23 қазан сағат 20:00-ден 24 қазан сағат 20:00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар күтілетіні туралы ақпарат алдық. Осылайша, қалалық білім бөлімі сабақты қашықтан өткізу форматына ауыстыру жайлы шешім қабылдады. Бізде белгілі бір алгоритм бар, бірақ оның бір кемшілігі - әкімдік пен білім бөлімі арасындағы өзара әрекеттестіктің болмауы. Қала әкімі шешім қабылдауға құқылы, алайда білім бөлімі оған емес, облыстық білім басқармасына бағынады. Алдағы уақытта бұл алгоритмді жетілдіреміз", - деді ол.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде ауа сапасының нашарлауына байланысты оқушылар мектепке бармағаны хабарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.