ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / ОСК төрағасы Алматыда жас сайлаушылармен кездесу ө...

ОСК төрағасы Алматыда жас сайлаушылармен кездесу өткізді

Алматы 04.02.2026, 17:58 171
ОСК төрағасы Алматыда жас сайлаушылармен кездесу өткізді
Самат Құсайынов
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматы қаласындағы жас сайлаушылар клубының мүшелерімен кездесті.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматы қаласындағы жас сайлаушылар клубының мүшелерімен кездесті.

Іс-шара Наурызбай ауданындағы «Әлем» мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығында өтті. Кездесу барысында жас сайлаушылар клубының қызметі, жастардың сайлау үдерістеріне қатысуы, сондай-ақ жастар бастамаларының сайлау тетіктерін түсіну мен ұғынудағы маңызы талқыланды. Бұл іс-шара жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде аталып өтетін Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылды.

– Біріккен Ұлттар ұйымы мойындаған 193 мемлекет бар және оның ішіне Қазақстан да кіреді. Осы үлкен халықаралық қоғамдастықтың бір бөлігі бола отырып, бізде де кез келген мемлекетте секілді өзіміздің сайлау жүйеміз бар. Сондықтан Дүниежүзілік сайлау күні – елімізде де атап өтіледі. Орталық сайлау комиссиясы, сондай-ақ жергілікті жерлердегі комиссиялар – бәріміз бірге осы мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар міндетті шешуді қамтамасыз етуге тырысамыз, – деді ол.

Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, төрағаны қосқанда ОСК-ның 7 мүшесі болады. Олардың үшеуін Президент, екеуін Сенат, тағы екеуін Мәжіліс тағайындайды. Өкілеттік мерзімі – 5 жыл. Ал жалпы ОСК аппаратының 37 мемлекеттік қызметшісі және инженерлік-техникалық орталығының 75 қызметкері бар.  Ал ел бойынша 247 аумақтық сайлау комиссиясы бар. Олардың құрамында 1729 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі сайлауларды ұйымдастыратын 13 мыңнан астам комиссияның құрамында 85 716 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Бірақ әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың 85 мыңнан астам мүшесі – бұл сайлау комиссияларының кәсіби қызметкерлері емес. Олар науқан кезінде келіп жұмыс істейді.

– Сайлау науқандарының тарихына тоқталсақ, еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері 4 республикалық референдум, 7 Президент сайлауы, 11 Сенат депутаттарын сайлау, 8 Мәжіліс депутаттарын сайлау, 8 мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Ал 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлау және 2025 жылдан бастап барлық аудандар мен облыстық қалалардың әкімдерін сайлау өтіп келеді, – деді ол.

Нұрлан Әбдіров мәслихат депутаттығына 20 жастан асқан, Мәжіліс депутаттығы мен ауыл әкімі лауазымына 25-тен асқан, Сенат депутаттығына 30 жастан асқан, ҚР Президенттігіне 40 жастан асқан ел азаматтары сайлауға түсе алатынын атап өтті. Айтуынша, ел ішіндегі ең жас ауыл әкімі Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Ертіс ауылында сайланған. Оның жасы – 26-да. Ал ең жас мәслихат депутаты Қостанай облысы, Қамысты ауданында 23 жасында сайланған. Ең жас мәслихат депутатының жасы – 28-де.

Сонымен қатар, Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан сынды 14 мемлекетпен ынтымақтастық туралы меморандум жасалғанын айтты. ОСК төрағасының баяндамасынан кейін жас сайлаушылар клубының мүшелері оған сұрақ қойып, қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.