ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / ОСК 125 кандидатты тіркеуден бас тартқан

ОСК 125 кандидатты тіркеуден бас тартқан

Сайлау-2023 19.02.2023, 10:07 1,115
ОСК 125 кандидатты тіркеуден бас тартқан
сурет: Аlmaty-akshamy.kz
Тіркеу талаптарына сай келмейтін кандидаттардың арасында заң бұзғандар да болды.

Тіркеу талаптарына сай келмейтін кандидаттардың арасында заң бұзғандар да болды.


Орталық сайлау комиссясы төрағасының орынбасары Константин Петров алдағы Мәжіліс сайлауына ұсынылған неше адамның тіркеуден өтпей қалғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер негізінде кандидатты ұсынғаннан кейін тіркеу кезеңі аяқталғанға дейін 45 кандидат кандидатурасын өз қалауымен алып тастау туралы өтініш жазған. Комиссиялар оларды берілген өтініш негізінде тіркеуге алмады. 125 кандидатттың тіркеу туралы өтініші кері қайтарылды. Оның ішінде бір кандидат ҚР Конституциясы мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңының Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі 10 жыл көлемінде тұру қажеттігі жөніндегі талапқа сәйкес келмегені үшін тіркеуден өтпеді», - деді ОСК төрағасының орынбасары.



Оның айтуынша, бірнеше кандидат Бас прокуратураның мәліметі негізінде тіркеуге алынбаған.



«Бас прокуратураның мәліметі негізінде, 4 кандидат бойынша есептен шығарылмаған және өтелмеген соттылықтың болуына байланысты, 5 кандидат бойынша сот сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін немесе сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзғаны үшін кінәлі деп танығандықтан бас тартылды. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, осындай тоғыз кандидат бар болып шықты», - деді ол.



ОСК өкілінің сөзіне қарағанда, тіркеуден бас тартылған кандидаттардың басым көпшілігі құжаттардың толық пакетін ұсынбаған.



«Жекелеп айтсақ, кандидаттардың кейбірі сайлау жарнасын ұсынбады. Осыны негізге алып, кеше оларды тіркеуден бас тартылды. Бір кандидаттың өтініші сайлау насихатын заңмен белгіленген мерзімнен тыс уақытта жүргізгені үшін кері қайтарылды. Тіркеліп қойғаннан кейін 4 кандидаттың тіркеу құжатының күші жойылды. Оның біреуі өз қалауымен, үшеуі тапсырған декларациясындағы мәліметтердің жалған болуына байланысты», - деді Константин Петров.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.