AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Өрттің 90%-на адамның өзі себеп болады - «Қазавиао...

Өрттің 90%-на адамның өзі себеп болады - «Қазавиаорманқорғау»

Алматы 28.07.2026, 15:11 277
Өрттің 90%-на адамның өзі себеп болады - «Қазавиаорманқорғау»
РСК Алматы

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында орман қорын сақтау мен табиғи өрттің алдын алу шаралары талқыланды., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Атқарылып жатқан жұмыс туралы «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиациялық бөлімшесінің басшысы Бекзат Байшалов баяндады.

Оның айтуынша, төтенше жағдайда жедел әрекет ету ғана емес, сондай-ақ тұрақты мониторинг жүргізу мен халық арасында түсіндіру жұмысын күшейту арқылы олардың алдын алу салалық қызметтің негізгі міндеті.

Спикердің айтуынша, өрттің едәуір бөлігі табиғат аясында демалғанда абайсызда шығады, кейде ауыл шаруашылығына тиесілі алқапты өртегенде де жиі өһрт шығады екен.

«Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында өрт қаупі ең жоғары әрі күрделі кезең басталып отыр. Алда жаздың соңғы айы мен күз мезгілі келеді. Көпжылдық статистикаға сәйкес, дәл осы уақытта өрт қаупі бірнеше есе артады. Өсімдік қурап, шөп сарғаяды, жапырақ түсе бастайды. Ауа температурасының жоғары болуы мен желдің әсерінен мұның бәрі тез тұтанатын материалға айналып, орман алқаптары тіпті болмашы ұшқынның өзінен от алып кетіп жатады», – деді Бекзат Байшалов.

«Қазавиаорманқорғау» мамандары салалық қызметтермен бірлесіп аумақты үздіксіз әуеден бақылап жүр. Сонымен қатар өңір тұрғындары мен қонақтарды орманда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Өрт ошағын ерте анықтау мақсатында авиациялық бақылау қолданылады. Сондай-ақ халықты табиғат аясында қауіпсіздікті сақтауға үгіттеп жатыр.

Спикердің айтуынша, орман қорын сақтау әр адамның жауапкершілігіне тікелей байланысты, профилактика табиғи аумақтарды қорғаудың ең тиімді тәсілі болып қала береді.

«Орман мен таулы аумақта болған кезде белгіленбеген орында от жағып, сіріңке жағып, темекі тұқылын тастауға, сондай-ақ тұрмыстық қалдықты қалдыруға қатаң тыйым салынады. Естеріңізде болсын: орман қорын сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. Кез келген өрттің алдын алу оның салдарын жоюдан әлдеқайда оңай», – деп түйіндеді Бекзат Байшалов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);