AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Өрттен зардап шеккен екі жасөспірім жазылып шықты

Өрттен зардап шеккен екі жасөспірім жазылып шықты

Медицина 11.09.2024, 11:45 1,224
Өрттен зардап шеккен екі жасөспірім жазылып шықты
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматылық дәрігерлер Қызылордадағы жарылыстан зардап шеккен балаларды аман алып қалды

Қыркүйектің 11-інде Алматы қаласы Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығынан Қызылордада 2024 жылғы шілденің 28-інде болған өрттен зардап шеккен екі жасөспірім үйге шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 31 шілде мен 1 тамызда жағдайы өте ауыр төрт зардап шеккен жасөспірім санитарлық авиациямен шұғыл түрде Алматыға жеткізілді.

Жасөспірімдер 28.07.2024 ж. жеке үйдің бірінде болған табиғи газ жарылысынан қатты күйік алған. Алғашқы кезеңде зардап шеккендер Қызылорда қаласы Облыстық балалар ауруханасының реантмация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Олардың өмірі аса ауыр жағдайда болған соң Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және БЖМККО директоры А.М.Смағұловпен келісе отырып, 31 шілде және 1 тамызда олар санитарлық авиациямен Алматы қаласы ШЖҚ «Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығы» КМК-ға жеткізілді.

Бүгін, емделудің 42-күні, екі науқас, 14 жастағы ұл мен қыз, ауруханадан үйге шығарылды. Қазіргі кезеңде олардың емделуі толығымен аяқталып, жағдайы жақсарып, олар үйіне Қызылордаға аттанады.

«Орталықтың реаниматологтары екі апта бойы жансақтау бөлімі жағдайында ұл баланың өмірі үшін күресті, оның жағдайын тұрақтандыру үшін тәулік бойы қарқынды шокқа қарсы терапия жүргізілді, содан кейін науқас мамандандырылған күйік бөліміне ауыстырылды. Өрт кезінде жасөспірім 79%/IIIAБ-IV дәрежелі термиялық күйік алған және II-III дәрежелі күйіктік шок шалған», - дейді Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов.

Жасөспірімдер бір ұшақта жеткізілді, қыз бала 31 шілдеде Алматы қаласы Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына жатқызылды. Ол 9 күн жансақтау бөлімінде жатып, дәрігерлер күйік ауруымен тәулік бойы күрескен. Жағдайды тұрақтандыру үшін шокқа қарсы қарқынды терапия да жүргізілді. Науқасқа 55%IIIABБі термиялық күйік, II-III дәрежелі күйіктік шок диагнозы қойылды.
Екі пациентке де Орталықтың комбустиологтары Раджа Жұмаділдаев пен Гүлшарат Жүсіпқалиева теріні ауыстырып орналастыру (аутодермопластика) отасын жасады.

«Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында болған уақытта оларға жеке дәрігерлік пост қамтамасыз етілді. Бүгінде екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті, трансплантаттар толығымен тамыр тартты. Енді балалар тұрғылықты жерінде бақыланады, оларға күтім жасау және одан әрі оңалту бойынша барлық ұсыныс берілді», - дейді Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының күйік бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласының бас штаттан тыс балалар комбустиологы Раджа Жұмаділдаев.

Орталықтың хабарлауынша, Қызылордада табиғи газ жарылысынан зардап шеккен тағы екі науқас ауруханада әлі де ем алып жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Жасөспірімдердің біріне кезеңдік аутодермопластика отасын жасау жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);