AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Орталық саябақ сатылады

Орталық саябақ сатылады

Әлеумет 10.12.2024, 12:49 1,303
Орталық саябақ сатылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

Талдықорғанда Орталық саябақ саудаға қойылды

Саябақты жөндеуге миллиард теңге жетпей, жергілікті билік оны сенімгерлік басқаруға беруді ұйғарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мұндай шешімге әкімдік саябақтың күтіміне кететін шығындардың көптігі себепті келгенге ұқсайды. Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған бұл нысан жаңғыртуды қажет етіп тұр.

Биыл наурыз айында Талдықорған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі (баланс ұстаушы) Орталық саябақты күрделі жөндеуден өткізу үшін тендер жариялаған болатын. Бұл мақсатқа бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген еді.

Алайда тапсырыс беруші күтпеген жерден тендерден бас тартты. Сол уақыттан бері жаңа мемлекеттік сатып алу өткізілген жоқ. Оның орнына қараша айында қала әкімі Ернат Бәзіл саябақтың 41 437 шаршы метр аумағын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім шығарды.

Аукционға қатысқысы келетін үміткерлер кепілдік жарна ретінде 5,6 миллион теңгеден астам қаражат төлеуі керек.

Саябақтың тағдыры аукцион нәтижесіне байланысты болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саябақ #Талдықорған #аукцион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);