AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Орталық референдум комиссиясы онлайн-семинар өткіз...

Орталық референдум комиссиясы онлайн-семинар өткізді

АЭС: Референдум 12.09.2024, 11:48 1,047
Орталық референдум комиссиясы онлайн-семинар өткізді
gov.kz

2024 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы Электоралдық оқыту орталығының алаңында саяси партиялардың, олардың филиалдарының, республикалық және өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін «Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізудің ерекшеліктері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинар ағымдағы жылдың 6 қазанына тағайындалған республикалық референдумға дайындық және оны өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2024 жылы сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспары да негізге алынды.

Семинарда ҚР ОРК Төрағасының орынбасары Константин Петров, Орталық референдум комиссиясының мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, Асылбек Смағұлов сөз сөйледі.

Олар референдумды әзірлеу мен өткізудің құқықтық негіздері және практикалық ерекшеліктері туралы баяндап, референдум туралы заңнаманың жаңашылдықтары, науқанның мерзімдері мен кезеңдері, комиссиялардың өкілеттіктері, референдумды қаржыландыру мәселелері, азаматтарды референдумға қатысушылар тізіміне енгізу, үгіт-насихат жүргізу, қоғамдық байқау және сауалнамалардың талаптары, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова Қазақстандағы энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі АЭС-тің рөлі және еліміздегі атом өнеркәсібінің болашағы туралы толық мәлімет берді.

Спикерлердің баяндамаларынан кейін қатысушылардан 50-ге жуық сұрақ қойылып, олардың барлығына толық жауап берілді. Семинарға 300 адам қатысып, онлайн-трансляция 1000-нан астам қаралым жинады.

Референдум қатысушыларының осы санаттары үшін оқыту шараларын өңірлік деңгейде аумақтық референдум комиссиялары ұйымдастыратын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #онлайн-семина #ОРК
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);