AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Орталық референдум комиссиясы азаматтарға SMS-хаба...

Орталық референдум комиссиясы азаматтарға SMS-хабарламалар жіберетін болады

АЭС: Референдум 02.10.2024, 13:11 1,638
Орталық референдум комиссиясы азаматтарға SMS-хабарламалар жіберетін болады
gov.kz

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум учаскелік комиссиялары дауыс беру күні, уақыты, орны және тәртібі туралы азаматтарға дауыс беру күнінен кемінде 10 күн бұрын, яғни осы жылдың 26 қыркүйегіне дейін хабарлау керек екенін атап өтті.

Осы науқан барысында комиссиялар дауыс беру құқығы бар азаматтарды референдумға жеке шақыруға ерекше көңіл бөлді. Шақырулардың бірыңғай формасын Орталық референдум комиссиясы аумақтық комиссиялармен бірлесе отырып әзірледі.

Кейін аумақтық комиссия төрағалары дауыс беру күніне дайындық, азаматтарды ақпараттандыру және кейбір учаскелерде дауыс беру уақытының өзгеруі туралы қабылданған шаралар жайында баяндады.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумға дайындық барысын халыққа кеңінен жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Референдумға дайындық пен оны өткізу туралы толық әрі нақты ақпарат алу үшін Орталық референдум комиссиясы ақпараттық материалдар (бейне, аудиороликтер, плакаттар және әдістемелік құралдар) әзірледі. Сонымен қатар, азаматтарды қосымша хабардар ету үшін SMS-хабарламалар және мобильді банктерде PUSH-хабарламалар жіберу жоспарланған. Бұл жұмыс дауыс беру күніне дейін жалғасады.

Нұрлан Әбдіров сондай-ақ республикалық референдумға қатысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізудің заңнамалық талаптарын да атап өтті. Сайлау және референдум туралы заңдарға сәйкес, дауыс беру күніне дейінгі бес күн ішінде және дауыс беру күнінде референдум нәтижелері туралы қоғамдық пікірді, болжамдарды немесе басқа зерттеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында немесе интернет платформаларда жариялауға тыйым салынатынын еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #Sms-хабарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);