AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Орталық қалалық клиникалық аурухананың (ОҚКА) офта...

Орталық қалалық клиникалық аурухананың (ОҚКА) офтальмологтары көзден тас сынығын алып шығып, емделушінің көзін сақтап қалды

Алматы 01.10.2026, 11:20 204
Орталық қалалық клиникалық аурухананың (ОҚКА) офтальмологтары көзден тас сынығын алып шығып, емделушінің көзін сақтап қалды

Жас жігіт балғамен тас шағып жатқан сәтте, тас сынығы жоғары жылдамдықпен көзіне тиіп, бірнеше қабықшаны тесіп өткен, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Офтальмологтарды күрделі әрі зертханалық дәлдікті талап ететін нәзік жұмыс күтіп тұрды: жарақат өте ауыр болып шықты — қасаң қабық, көз бұршағы, нұрлы қабық және көздің терең құрылымдары зақымдалған еді.

Офтальмологтар көзді және барынша мүмкін болған көру қабілетін сақтап қалу мақсатында зақымдалған құрылымдарды кезең-кезеңімен қалпына келтірді.

«Жарақат өте ауыр болды: тас сынығы көздің ішіне терең еніп кеткен. Біз күрделі көпжақты ота жасадық: қабықшаны тігіп, жарақаттан пайда болған катарактаны алып тастадық, көз бұршағын бекітіп, нұрлы қабыққа пластика және витрэктомия жасадық. Ота барысында сынықты тауып, алып шықтық, содан кейін көздің құрылымын сақтау үшін силикон майын енгіздік», — деп атап өтті офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова.

Бұл жағдай таспен және басқа да қатты материалдармен жұмыс істеу кезінде көз жарақаттарының қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екенін тағы бір рет дәлелдейді.

Мұндай жұмыстарды орындау кезінде қорғаныш көзілдірігін кию міндетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#офтальмолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);