AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық...

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Әлем Бүгін 11:07 73 Дина
Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі
depositphotos.com

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының консультативтік кездесу тетігі аймақтың бес президентінің символикалық кездесулерінен тұрақты хатшылығы, 2040 жылға дейінгі стратегиялық тұжырымдамасы және кеңейтілген мүшелігі бар «Орталық Азия Қауымдастығының» ықтимал қалыптасуына дейін эволюциядан өтті. Сөйтіп, аймақтық мемлекетаралық даулы мәселелер 2025 жылғы наурызға қарай реттелді.

Осы үдерістер екі негізгі фактордың ықпалымен жүзеге асуда: бірі – Өзбекстандағы президент Шавкат Мирзиёев жүргізген трансформациялар, екіншісі – Қазақстандағы президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырған реформалар болды. Сонымен қатар, Ресей-Украинақарулы қақтығысы өңірдегі Мәскеудің баламасыз қауіпсіздік кепілі ретіндегі рөлін әлсіретіп, сыртқы серпін беруші факторға айналды. Осы жағдайда,Қазақстан өзін өңірдің «орта державасы» ретінде дәйекті түрде танытып, Орталық Азияның «халықаралық субъектілігі» тұжырымдамасын ілгерілетуде және өңірді әлемдік саясаттың дербес акторына айналдыруды көздейді.

Жалпы өңірлік динамикадағы сапалық өзгерістермен, Орталық Азиядағы посткеңестік шекаралардың толық делимитациялануының аяқталуы, гидроэнергетикалық әлеуетті бірлесіп игеру жөніндегі бұрын-соңды болмаған келісімдердің жасалуы және Ресей ықпалының әлсіреуі жағдайында, жаңа қауіпсіздік сәулетінің қалыптасуы ерекше маңызға ие екені анық. Орталық Азиядағы өңіршілдік мәселесіне ғылыми қызығушылықтың артуына қарамастан, өңірдің автономиялануына ықпал ететін эндогендік және экзогендік факторлардың бір мезгілде әрекет етуін кешенді талдау жеткілікті деңгейде зерттелмеуі әлі өзекті.

Сондықтан, тақырыптың өзектілігі Орталық Азияның стратегиялық автономиясының қалыптасуына ықпал еткен факторларды, оны іске асырудың институционалдық тетіктерін және егемен өңіршілдіктің құрылымдық шектеулерін жүйелі түрде талдау қажеттілігімен байланыстыекенін мойындаумыз қажет. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылғаны жөн, Мәселен, біріншіден, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері форматының институционалдық эволюциясын қарастыру;

• екіншіден, су-энергетика саласындағы және шекараларды делимитациялау бағытындағы серпінді келісімдерді талдануы;

• үшіншіден, Ресей–Украина қарулықақтығысының өңірлік сәулетке ықпалын бағалау;

• төртіншіден, Қазақстанның өңірлік субъектіліктің сәулетшісі ретіндегі рөлін айқындалуы маңызды деп есептейміз.

Яғни, өңірлік зерттеу «Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ресурстық асимметрия қандай жағдайларда өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге кедергіге айналады?» деген кеңістікте өрбуі айқын мәселе.

Осы бағытта, Орталық Азия өңіршілдігін теориялық тұрғыдан пайымдауға елеулі үлес қосқан ғалымдардың бірі – Филиппо Коста Буранелли. Ол «Central Asian Regionalism or Central Asian Order?» атты еңбегінде, Орталық Азияны еуроцентристік «өңіршілдік» призмасы арқылы бағалау міндетті түрде оның «сәтсіздігі» туралы қорытындыға алып келетінін дәлелдеді. Біздің зерттеулеріміз, осы ұстанымды растайды: байқалып отырған үдерістерді сәтсіз интеграция ретінде емес, посткеңестік егемендік жағдайына бейімделген ерекше өңірлік тәртіп моделінің табысты қалыптасуы ретінде бағалауы қажет.

Бұған қарама-қарсы ұстанымды, СебастианКрапол мен Александра Василева-Динес ұстанады. Олар Орталық Азия өңіршілдігінің сәтсіздігін, ең алдымен, өңірден тыс экономикалық тәуелділікпен және Ресейдің еуразиялық интеграцияны стратегиялық құралы ретінде пайдаланумен түсіндіреді. Яғни түсіндіру моделі алдыңғы кезеңге қатысты өзінің түсіндірмелік әлеуетін сақтағанымен, 2022–2025 жылдардағы қақтығыс және одан кейінгі әріптестіктердің әртараптандырылуы қазіргі кезең үшін, оның өзектілігін едәуір төмендетті.

Ал, ғалым Наргиз Кәсенова әзірлеген стратегиялық автономия тұжырымдамасы,Еуропалық көмір мен болат қорыту Бірлестігініңүлгісінде, Орталық Азияның су-энергетикалық қауымдастығы моделін ұсынады. Бұл модельге сәйкес, ортақ ресурстар негізіндегі функционалдық кооперация неғұрлым терең өзара іс-қимылдың катализаторы ретінде қарастырылады. Қамбарата-1 су электр станциясы бойынша үшжақты келісім осы тұжырымдаманың алғашқы нақты көрінісі болып табылмақ. Сонымен қатар, Кәсеноватұжырымдаманың маңызды шектеуін де көрсетеді: идеядан институтқа көшу ұзақ келіссөздер процесін және барлық тараптардың саяси ерік-жігерін талап етеді.

АҚШ, Еуропалық Одақ, Қытай, Германия, Жапония және басқа да әріптестермен құрылған «С5+1» форматтарының көбеюі (11-ден астам параллель формат) бірқатар зерттеушілер орынды атап өткендей, парадокстық әсер туғызады: сыртқы серіктестер бес мемлекетті біртұтас құрылым ретінде қарастырады, осылайша өңірдің топтық өзіндік сәйкестігінің нығаюына жанама түрде ықпал етеді.

Осы ретте, Қытайдың экономикалық экспансиясының күшеюі (ҚХР мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 94,8 млрд АҚШ долларына жетсе, Ресеймен бұл көрсеткіш 45 млрд долларды құрады) құрылымдық тәуелділіктің жаңа түрін қалыптастыруда. Ұзақ мерзімді келешекте бұл тәуелділік өңірлік автономия үшін Ресей факторына қарағанда әлдеқайда шектеуші болуы мүмкін.

«New Great Game (Жаңа Ұлы ойын)» нарративі өзінің түсіндірмелік әлеуетін сарқып бітті. 2023-2026 жылдардағы академиялық консенсус Орталық Азия мемлекеттерінің агенттігін мойындайды, алайда, бұл агенттік маневр жасау кеңістігі тарылып жатқан жағдайда жүзеге асырылуда. Ресурстармен жеткілікті қамтамасыз етілген мемлекеттер (Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан) мен ресурстарға тәуелді мемлекеттер (Қырғызстан, Тәжікстан) арасындағы ішкі асимметрия автономия әлеуетінің әркелкілігін қалыптастырды. Бұл өз кезегінде, өңірлік бірлестіктің ішінде орталықтан тепкіш үрдістердің туындауына ықпал етуі мүмкін. Structured Focused Comparison әдісі өңірдің дамудың «азиялық» моделін таңдағаны жөніндегі гипотезаны растауға мүмкіндік берді.

Осымен 2018-2025 жылдары Орталық Азия өңірлік бірлік туралы декларативтік риторикадан институционалдық тұрғыдан толық қалыптаспағанымен, нақты жұмыс істейтін ынтымақтастық архитектурасын қалыптастыру кезеңіне сапалы түрде өтті. Осы өзгерістің негізгі көріністері - посткеңестік мемлекетаралық шекаралардың толық делимитациялануының аяқталуы, гидроэнергетикалық әлеуетті бірлесіп игеру жөніндегі бұрын-соңды болмаған келісімдер және қауіпсіздіктің дербес тетіктерінің қалыптаса бастауы ретінде орын алды.

Негізі Орталық Азия АСЕАН қағидаттарын (ішкі істерге араласпау, консенсус, икемділік) «ұлы державалардың» қысымы жағдайында егемендікті қорғау мақсатында табысты бейімдеп, бірегей «Орталық Азиялық тәртіпті» қалыптастыруды көздейді.

Сол себепті, жалпы өңірлік автономияның қазіргі жағдайы мен болашағын сипаттайтын үш негізгі қорытындымен байланыстырсақ, жоғарыда атап өткен талдаудың бағытын анықтаймыз. Біріншіден, екі деңгейлі автономия қалыптасуда: ресурстарға бай мемлекеттер стратегиялық автономияны жүзеге асыру үшін нақты құралдарға ие болса, ресурстарға тәуелді мемлекеттер сыртқы трансферттерге тәуелді болып қала береді.

Екіншіден, Ресейдің орнын Қытайдың негізгі құрылымдық шектеуші фактор ретінде басуы байқалады. Автономияның ұзақ мерзімді шекараларын ҰҚШҰ немесе ЕАЭО емес, қытайорталық өндірістік және логистикалық тізбектерге интеграциялану тереңдігі айқындайтын болады.

Үшіншіден, Орталық Азия мемлекеттерінің агенттігінің артуы өңірлік субъектіліктің жетекші сәулетшісі ретінде Қазақстаннан барған сайын күрделі дипломатиялық теңгерім саясатын жүргізуді талап етеді. Дәл осы саясат ұлы державалар арасындағы бәсекелестік жағдайында Қазақстанның «орта держава» ретіндегі мәртебесітолық айқындалатыны күтілетін нәтиже болмақ.

Мақсат Жақауов, Абай атындағы ҚазҰПУ

Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры аймақтану магистрі

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін 14:19

Абай университетінде талапкерлерді қабылдау науқаны басталды

Бүгін 14:15

Ғылымдағы жаңа серпін

Бүгін 12:36

Алматыда бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізілді

Бүгін 11:46

Еуропада әріптесіміздің көрмесі өтеді

Кеше 19:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);