AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер м...

«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті

Барлығы 26.04.2025, 14:23 746 Пердехан Шәмшиев
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті
Сурет: Самат Құсайынов

Алматыда «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті.

Оған Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов және Түрікменстан өкілі қатысты.

Кездесуде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, өзара көлік байланысты дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлермен бірлескен күрес, өңірдегі орнықты даму және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне басты назар аударылды. Орталық Азияның Қытаймен өзара сыйластық пен теңдік қағидаттарында көпжақты өзара іс-қимылының архитектурасын жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Тараптар қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге үйлестірілген ортақ көзқарастардың қажеттілігін атап өтіп, өзара тиімді даму жолындағы қадамдарды келісті.

Қазақстан СІМ басшысы өз сөзінде өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін негізгі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігіне назар аудара отырып, «Орталық Азия – Қытай» көпжақты форматын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

 «Форматымыздың «Орталық Азия +» тетіктері арасында флагманға айналуы, ал көшбасшылардың алдағы кездесуі мәңгілік достық пен өркендеудің жаңа кезеңін ашуы үшін барлық жағдай жасалуда» , – деп атап өтті Мұрат Нұртілеу.

Отырысқа қатысушылар жаһандық сын-қатерлер жағдайында сындарлы диалогты жалғастырудың, байланыстарды дамытудың және басым бағыттар бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығына назар аударып, осы форматтағы тұрақты кездесулерге дайын екенін білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша сыртқы істер министрлері Ақпараттық коммюникені қабылдады. Онда «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберінде тату көршілік, орнықты даму және көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету қағидаттарына ортақ міндеттеме бекітілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Орталық Азия #Қытай #сыртқы істер министрлері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);