Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Орталық Азия елдерінің банктеріне санкция салынуы...

Орталық Азия елдерінің банктеріне санкция салынуы мүмкін бе?

Әлеумет 28.03.2024, 05:16 901
Орталық Азия елдерінің банктеріне санкция салынуы мүмкін бе?
Сурет: интернеттен

Біздің банктер тағы бір клиент толқынын күтіп отыр.  Google Play-ден ресейлік MIR pay картасының көзін құртып жатыр. Ал Samsung Pay 3-ші сәуірден бастап Mir картасын қолдамайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Картаны Қазақстаннан-ақ ашып алып, қолдана беруге болады ғой, дегіңіз келіп тұр ғой... Алайда, ресейлік Banksta телеграм арнасы UBS мен Credit Suisse санкциядан қауіптеніп, екі елдің азаматтығы бар (швейцариялық және ресейлік) адамдардың шоттарын жаба бастағанын жазады.


Әрине, қазақстандық банктерді швейцариялық банктермен салыстыруға келмес, әйткенмен, соғыс одан әрі созылуда, демек Орталық Азия елдерінің банктері де санция зардабын тартуы әбден мүмкін. Бұған әрине, санкция салынбаған компанияларға қызмет көрсететін Қазақстан мен Ресей арасында корпоративтік операцияларды жүзеге асыратын банктерді қосып отырған жоқпыз.


Қытай, БАӘ мен Түркия елінің банктері соңғы аптада санкцияны сақтау талаптарын күшейткен. Бұл оқиға мұнай жеткізу ісінде Ресейге ақша аударудың кешігуіне немесе бас тартуына алып келді, - деп хабарлады Reuters.


БАӘ-дегі First Abu Dhabi Bank және Dubai Islamic Bank ресейлік тауарлардың саудасына қатысты бірнеше есепшотты бұғаттады. БАӘ-дегі Mashreq банкі, түріктің Ziraat және Vakifbank-тері, сондай-ақ қытайлық ICBC мен Bank of China төлемдерді өңдеу өте қиынға түсіп жатқанын айтады.


Түрік банктері қосалқы санкциядан қауіптеніп, Ресейден келген төлемдерді қабылдамай жатыр,-деп жазады Dünya. Экспортерлар жыл басынан бері ақшаларын ала алмай жатқан көрінеді. Ал билік болса, бұған «форс-мажорлық жағдай» деп баға беруде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#санкция #банк #Қытай #Ресей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.