AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өрт сөндіру мамандары сақадай сай

Өрт сөндіру мамандары сақадай сай

Әлеумет 06.11.2024, 10:57 1,006 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Өрт сөндіру мамандары сақадай сай
aqshamnews.kz

Алматы қаласының Қылмыстық атқару жүйесі департаметіне қарасты  №11 мекемесінен “шыққан өрт” тактикалық оқу-жаттығу кезінде дер кезінде сөндірілді.

Иә, жеке құрам арасында төтенше жағдайдағы өрт шығу кезінде іс-әрекетті жетілдіру мақсатында Жетісу ауданының төтенше жағдайлар бас маманы азаматық қорғау аға лейтенанты Б.Аманбеков және "ПЧ-8" қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Амантаевпен бірлесіп, өрт шыққан кезде оның алдын алу және жедел өшіру оқу-жаттығуы сәтті өтті.

Жасөспірімдер жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесі аумағындағы мектептің екінші қабатынан "өрт шыққан" болатын. Оны алғаш байқаған бақылаушы мекеме басытығының кезекші көмекшісіне дереу хабара беріп, бұдан әрі МБКК мекеме басшылығына баяндап, тиісті іс-шаралар қабылдана бастады.

Мекеме жеке құрамының күшімен барлық сотталғандар төтенше жағдайдағы қауіпсіздік орнына шығарылып, тәртіп сақшыларының бақылауына алынды. Сонымен қатар жеке құрам дабыл пәрмені бойынша шақыртылып, мекеме тарапынан барлық офицер және бақылаушы жұмылдырды. Сотталғандардың қашуына және сыртқы аумақтан өзге тұлғалардың кіруіне жол бермеу мақсатында, қосымшы транспорттың бақылау пунктіне кинолог-бақылаушысы қызметтік итпен және сыртық із кесу жолағына бақылаушы қойылды. 

Алматы қаласы Жетісу аудандық төтенше су шашқыш арнайы автокөлігі қызметкерлері дер кезінде келіп, өрттің бетін қайтарды. Жалын ішінде қалып қойған екі сотталушы жасөспірім де аман-есен сыртқа шығарылып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

– Мекеме аумағындағы мектеп ғимаратынан шыққан өрт төтенше жағдай саласы мамандарының әбжіл қимылдары арқасында жедел ауыздықталды. Осы тактикалық оқу-жаттығуын өткізу кезінде сотталғандар тарапынан топтық бағынбаушылық, жаппай тәртіпсіздік немесе қашуға әрекет ету сияқты құқық бұзушылық орын алған жоқ. Өзімнің әріптестеріме де, оқу-жаттығуға қатысқан Жетісу ауданының төтенше жағдайлар мамандарына да алғысын білдіремін, – дейді №11 мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Нұрлан Керебаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өрт #оқу-жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);